«Туған өлке саясында» этно-круиз атты түбегейлі жаңа жоба іске асатын болды. 

Дінислам Болатханұлының тағы да бір бастамасы «Туған өлке саясында» этно-круиз атты түбегейлі жаңа жоба іске асатын болды.
Жоба қатысушылары талантты балалар — жас ақындар, жазушылар, суретшілер Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлері бойынша өтеді. Әр шығармашылық топ киелі жерлерді аралап, мәдени мұра аңыздарын ескере отырып, тақырыпқа сай өз туындыларын жасайды. Әншілер ән айтады, ақындар өлең шығарады, жазушылар әңгіме жазады, театрқұмарлар пьеса қояды, суретшілер сурет салады және т.б. Круиз қорытындылары бойынша этно-фестиваль өтеді, онда жоба қатысушылары бағыттар бойынша өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Ал соңында «Туған өлкенің жеті тамашасы» деректі фильмін көрсетумен аяқталады.
«Талантты балалар ата-бабаларымыздың ізі қалған тарихи жерлеріне барады. Бұл — шығармашылық ортаға толық сіңісумен ерекшеленетін әдеби-музыкалық тур. Мұндай сапарлар өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, балаларға қосымша шабыт сыйлайды», — дейді Дінислам Болатханұлы.