Қазақтың алғашқы ұлттық театрын құруға белсене қатысқан адам…

Суретте Санжар Асфендияров және оның келіншегі Рабиға Сералықызы Лапина. Бұл сурет 1913 жылы түсірілген. Самарқан қаласы.
Бұл кездегі Санжардың қазақ өміріндегі, қазақ тарихындағы орны ерекше, ол 1912 жылы Петерборда әскери-медицина академиясын бітіріп келген болатын. Ал келіншегі, ол да Петерборда, атақты Смольныйда, текті қыздар институтында оқыған. Осы суретте екеуінің үйленген кездері.
Әйелі Рабиға — қазақтың белгілі азаматтарының бірі, қоғам қайраткері, шығыстанушы Сералы Лапиннің қызы. Рабиғаны Санжар ұнатқан. Рабиғаның апасы Гүләндәм мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың әйелі болды. Тағы бір апасы Ләтипа, ол атақты Түркістан автономиясының жауапты хатшысы Қоңырқожа Қожановтың жолдасы болған. Ләтипа кезінде атақты суретші еді. Ләтипаның қолөнері алғашқы театрдың негізін қалауда көп еңбек сіңірді, екіншіден, өзі КСРО Суретшілер Одағының мүшесі болды. Әрі бұл кісінің еңбегі Америкаға жіберілді, яғни сол кездегі Америка президенттеріне сыйға тартылған болатын. Ал осы Қоңырқожа мен Ләтипадан тараған ұрпақ, біздің қазақ өнерінде айтулы із қалдырды. (Атақты «Қыз Жібек» фильмін түсірген Сұлтан Қожықов пен белгілі суретші, ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Құлахмет Қожықов — осы Қоңырқожа Қожықов пен Ләтипа Лапинаның балалары болатын).
Рабиғаның тағы бір ағасы, үлкен адам, ол — қазақтың алғашқы ұлттық театрын құруға белсене қатысқан Жағыпар Лапин деген кісі.