Бір ақ рет берілетін өмірде бір — бірімізді ренжітпейік…

Бірде бір әйел үйіне қайтып бара жатып, көшеден қолына шыбық алып, жер сызып отырған бір баланы көреді. Қасынан өтіп бара жатып, қызықтап:
– Балақай, не істеп отырсың? – деп сұрайды. Бала да:
– Жәннатты телімдеп сатып отырмын, – деп жауап береді. Баланың жауабына риза болып, езу тартқан әйел:
– Маған да Жәннаттан бір жер телімін берсең қайтеді? Қанша тұрады? – деп сұрайды әйел.
– Екі мың теңге, әпке, – дейді бала.
Әйел де балаға 2000 теңге ұстатып, өз жолына кете барады.
Әйел үйіне келеді. Жолдағы оқиғаны баяғыда ұмытып кеткен. Сол күні әйел түс көреді. Түсінде… Жәннатта жүр екен.
Ертесі күні түсін күйеуіне айтып береді. Күйеуі дереу баланың отырған жеріне барады.
Барса, бала дәл сол жерде жерге бірдеңелер сызып отыр екен. Адам да балаға тура әйелінің сұрағын қояды.
– Не істеп отырсың?
Бала әйеліне жауап берген жауапты айтады. Адам:
– Маған да Жәннаттан бір жер телімін берсең қайтеді, қанша тұрады? – деп сұрайды.
Бала:
– Мың триллион теңге, – деп жауап береді.
– Не деп тұрсың сен? Әйеліме 2000 теңге депсің ғой?
Бала:
– Алайда, әйелің ол ақшаны Жәннатты алу үшін емес, көңілімді табу үшін берді, – дейді. – Сен Жәннатты осыншама арзан деп ойладың ба? Жәннат арзан да емес, қымбат та емес. Жәннат алу – көңіл табудан болады, – деп жауап береді бала.
Осы хикаядан кейін Мәулананың мына сөзі ойға оралады:
«Қағба Әзердің ұлы Ибраһимнің қалаған ғимараты. Ал көңіл болса, Аллаһ Тағаланың назары түсетін мекені. Сол себепті, біреудің көңілін бұзу мың Қағбаны қиратудан да жаман».
Көңілдерді қалдырмайық… Көңілдерді жаулайық…
Бір ақ рет берілетін өмірде бір — бірімізді ренжітпейік, бауырлар!

Elana.kz