Павлодар қаласындағы №1 мектеп-интернатында «Түлектер аллеясы» пайда болды

  Есту   қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатында Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының қатысуымен «Ағаш отырғызу» акциясы өтті. IMG 3554

        Іс-шара экологиялық көзқарасты кеңейту, мектеп оқушыларын қазіргі әлем проблемаларының өзектілігін талқылауға тарту, оларды табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Аллеяның алғаш ағаштарын отырғызу мектептің ең үздік оқушыларына берілді.  10 сынып оқушылары Дінислам Болатханұлымен бірге жоғары сұрыпты алма көшеттерін отырғызды.
Салтанатты жиында Дінислам Болатханұлы түлектерге сәттілік тілеп: «Әр адам бұл дүниеде із қалдыруы керек. Сендер отырғызған ағаштардың жемісі көптеген ұрпақты қуантсын.  Әрқайсыларына жақсы мамандық алып, өмірде өз орындарыңды тауып, еліміздің елеулі азаматы болуларыңа тілектеспін», -деді өз сөзінде.IMG 3628
Дәстүрге айналған «Ағаш отырғызу»  экологиялық акциясы аясында соңғы 5 жылда  мектеп-интернат ауласында 250-ден астам ағаш отырғызылды.
«Өкінішке орай, есту қабілеті бұзылған балалар бұл өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алмайды. Бірақ, олардың жүректері  мейірімділік пен  әдемілікке толы.  Әр баланың шығармашылық бастауын оятып, қоғамда өз орны бар жеке тұлға қалыптастыруда мектеп ұжымы аянбай еңбек етуде»,- деп атап өтті мектеп-интернат басшысы Нұрсәуле Төлемісова.
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты 1994 жылы ашылды.  Ашылғаннан бері мекемені  200- ден астам түлек бітірді.  Мектептің негізгі міндеті – есту қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту. Басты бағыттардың бірі- оқушылардың зияткерлік, шығармашылық дарынын анықтау мен дамыту. IMG-20180518-WA0001
Тәрбиеленушілер «Янтарные звезды», «Аман келешек», «Көкейімдегі бар әлем», «Искорки надежды», «Радуга звуков», «Поющие руки», «Разные-равные», «Жұлдызай» сияқты халықаралық, республикалық олимпиадалар мен балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары мен дипломанттары. Мектеп спортшылары  — мүмкіндігі шектеулі балаларар асында өтетін әртүрлі спорт түріндегі республикалық және паралимпиада старттардың, сонымен қатар, «Special Olympic» спартакиадасының жүлдегерлері.
Акция соңында тәрбиеленушілер сурет салу техникаларына арналған «Жасыл планета» атты мастер-класс өткізді. Сабаққа қатысқан 6 сынып оқушылары акварель, гуашь, сабын көпіршігі, желім, тұз, т.б. материалдардың көмегімен және монотипия техникасында сурет салудың ерекше әдістерін көрсетті.