Білім беру басқармасы «Шығыс базары» қайырымдылық акциясын қорытындылады

  Павлодар облысының білім беру басқармасы 2018 жылғы 30 сәуірден 1 мамыр аралығында Наурыз мейрамы мен Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу күндерінде «Добряков» клубымен бірлесіп «Шығыс базары» қайырымдылық акциясын өткізді.

    Іс-шара шеңберінде Павлодар қаласының мектептері мен қосымша білім беру ұйымдары оқушыларының қолдан жасаған заттары мен бұйымдары, ұлттық тағамдарның көрмесі және оларды сату ұйымдастырылған болатын.IMG 0118
Акцияға облыстың мамандандырылған мектептері, Павлодар қаласының арнайы мектеп-интернаттары, колледждердің оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналары, М.Катаев атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогикалық ұжымы қатысты.
Саудадан түскен 350000 мың теңге қаражат 2018 жылғы 17 мамырда емделуді қажет ететін баланың анасына тапсырылған болатын. Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев оларды «Добряков» клубы өкілінің көзінше Байтас Мадиярдың анасына табыс етті.
Мадияр көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының 2-сыныбында оқиды, себебі оған «сол көзінің туа біткен катарактасы және оң көзінің жартылай катарактасы» диагнозы қойылған. Кездесу барысында Ж.П. Карамбаев Мадиярдың тезірек сауығып кетуін және оқуда озат болуын тіледі.