Түркияда шығатын «Короғлу» журналы бір санын Әлихан Бөкейханға арнады
Түркияда жарық көретін бұл әдеби-мәдени, танымдық журналы оқырманы көп басылымдардың бірі ретінде Түрік жұртына танымал. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан туралы пайымдалған мақалаларды жариялап, Әлиханның өмір мен атқарған жұмыстары жайлы кеңінен тоқталады.
«Темрин журналының №77 саны оқырмандарымен тағы қауышты. Өздеріңіз білетіндей біздің журналымыз түріктерге қатысы бар елдер мен олардың мәдениеті, өнері және саяси тарихына қатысты тарихи деректер негізінде мақалалар жинақтап, журналдың арнайы сандары арқылы оқырмандарына ұсынады. Осы қиын да күрделі шаруаны атқару барысында біз осы тақырыпты қаузап жүрген атақты жазушылар мен зерттеушілердің де жазбаларын қосып жариялауды осы санымызда да жалғастырдық.
Әдеби шығармалардың мәдениетіміз бен өнеріміздегі маңыздылығын айта келе осы саладағы ақын-жазушыларды таныстыруда мейілінше әділ таңдау арқылы ұсынуға тырысудамыз. Сіздерге бұл санда дайындаған шығармамыз Ясин Гедіктің «Өлуге жақын, сүюге ұзақ» тақырыбындағы шығармасы, сонымен қатар қазақ халқының өнер және философиясында өз ізін қалдырған маңызды тұлғалардың өмірі мен шығармаларына арналған мақалалар мен зерттеулер аудармашылардың көмегімен сіздерге ұсынылып отыр.
Алты Алаштың арыстаны Әлихан Бөкейханұлы туралы мақаланы Ашур Өздемир, «Тарихи романдарда дерек пен фиксион түсінігі» атты мақаланы ф.ғ.д. Халит Авшар дайындады. Қайырбек Кемеңгердің «Алаш төңкерісінің лидері Әлихан Бөкейханұлы», Н.Б.Бауеновтың «Алаш ұлттық қозғалысы және қазақ ағартушылары» атты мақалаларды Өмер Күчүкмехметоғлы аударды. «Қазіргі заман әдебиетінде мәңгілік ел идеасы» атты Гүлжаһан Ордаға тиесілі мақаланы Хамза Өзтүрік аударып ұсынып отыр» — дейдің журналдың бас редакторы Хасен Парлак.