Павлодарда мектептерді жөндеуге 851 млн теңге бөлінді

Биыл Павлодарда білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 851 млн теңге бөлінді. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Амангелді Иманберлинов айтты.

— Қалалық бюджеттен жаңа  оқу жылына дайындық аясында 851  миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы 37 нысанды жөндеуге жұмсалады. Кейбір мектептерде электрмен қамту жүйесі мен төбесін жөндеу керек, — дейді Амангелді Иманберлинов.

А.Иманберлиновтің сөзінше, 20 нысанның төбесіне жөнде жүргізілсе, екі мектепті  электрмен қамту жүйесі қалпына келтіріледі. Сонымен қатар, бкейбір білім беру ошақтарының мәжіліс залдары, асханалары, кіреберістері жөнделіп, көлеңке түсіп тұратын шатыр құрылады.

Бұдан бөлек үш мектептің терезелері ауыстырылады. Биыл Павлодар қаласында жастардың спортпен шұғылдануына да көп жағдай жасалмақ. Мысалы бес мектепттің ауласында футбол алаңы орнатылады. Білім беру бөлімінің ақпаратына сүйенсек, былтыр бұдан 2,8 есе аз, яғни, 380 млн теңге бөлінген.

Өз тілшімізден