Мемлекеттік саясаттың жаңа механизмдері
Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асырудың бірқатар жаңа бағыттары мен тетіктерін атап өтті.
Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды ең төменгі норма бойынша тегін алуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі іске асырылатын болады. Өз кезегінде, мемлекет тұқым өндірушіге норма бойынша шығарылған тұқымдардың толық құнын өтейді.
Бұл ретте шаруа күзде егінді жинап болғаннан кейін Тұқым шаруашылығын дамыту қорына тұқым құнының 30% қайтаратын болады, қор қайтарылған қаражатты жинақтайды және оны аттестатталған тұқым өндірушілер үшін төменгі пайыздық мөлшерлемемен (1-2%) негізгі құралды (техника мен жабдық) сатып алу мен жаңартуды қаржыландыруға бағыттайды. Бұл тетікті іске асыру 2021 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен 100% себуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Минералды тыңайтқыштарға қатысты. Ағымдағы жылғы субсидияны алуға өтінім беру және оларға төлем жүргізу электронды түрде жүзеге асырылады, яғни субсидиялау процессі толық автоматтандырылған. 446 мың тонна тыңайтқышқа, оның ішінде көктемгі дала жұмыстары кезеңіне 270 мың тоннаға өтінім берді. Мамыр айының ортасында 93 мың тонна тыңайтқыш немесе өтінім берілген көлемінен 21% аграрийлерге жеткізілді.
Жиналыс барысында сүтті мал шаруашылығы мен шошқа шаруашылығы бойынша жаңа бағдарламалар ұсынылды.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы сүт өнімдерін импорттық алмастыруға бағытталған. Жалпы алғанда жылдық мөлшерлемесі 4% құрайтын 15 жылға дейінгі мерзімге дейін қаржыландыра отырып, сүтті-тауарлы және өнеркәсіптік фермаларды құру жоспарлануда. Өндірілетін сүтке тауарлық субсидиялардың орнына, инвестициялау үшін субсидияларды және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қолдау шаралары қарастырылады.
Шошқа шаруашылығын дамыту бағдарламасында Қытай мен Ресей Федерациясы нарығына ет өнімдерін экспорттауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Экономикалық тұрғыдан перспективалық жобаларды қолдау және дамыту шеңберінде етті мал шаруашылығы, сүт өндірісі, қайта өңдеуші сала бойынша зәкірлі кооперация болатын облыстың бірқатар ірі өнеркәсіптік кешендерінің жұмысымен танысты.
Аталған шараларды іске асыру агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кем дегенде 2,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі