Атырауда сал ауруымен ауратын балаларды оңалтумен айналысатын мамандарға арналған курс ұйымдастырылды

«Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қоры «Kinaesthetics науқастарға күтім жасайды» бағдарламасы бойынша жетілдіру курстарын 2018 жылдың 14-20-ші мамыр аралығында Атырау қаласында өткізді.

Курстар «Школа менторов» атты жобасы аясында ұйымдастырылды. Оқу «Болашақ К» оңалту орталығында өтті. Бес күн бойы Германиядан келген реабилитология саласының мамандары Норберт Фельдманн мен Лилия Кернер сал ауруы бар балаларды оңалтумен айналысатын Астана және Атырау қалаларының 19 маманын оқытты. Оңалтудың сапасын жақсарту үшін (әсіресе ерте жастағы балалардың) және де оңалту орталықтардың мамандарының біліктіліктерін арттыру үшін оқыту мен дайындық өте қажет. Берілген курс «Kinaesthetics» білім жүйесіндегі базалық курстың жалғасы болып табылады. Алғашқы базалық курс 2017 жылы Астана және Шымкентте өткізілді. Курстың ең маңызды мәселесі адам денсаулығын дамыту үшін маңызды болып табылатын қозғалыс құзыреті болып келеді. Және де «Kinaesthetics» концепциясының көмегімен күнделікті іс-әрекетті (баланың тамақтануы, киінуі, арбада орындыққа отыруы, аунауы, және т.б.) әрі қарай зерттеу жалғастырылады.

«Қазақстандық мамандарды оңалтудың батыс әдістеріне оқыту – біздің Қорымыздың бір міндеті. Сал ауруына шалдыққан балалар шет елдерде ем алуды қажетсінбеу үшін өз елімізде жағдай жасауға тырысып жатырмыз. «Қасиетті Жол» қайырымдылық қорының оңалту орталықтарында Қазақстанның тұрмысы төмен отбасыларынан, балалар үйлерінен келген балалар ең жақсы әдістемеге негізделген сапалы ем ала алады. Қазақстандық дәрігерлерді оқыту үшін әлемдік мамандарды шақыру 2015 жылдан бастап «ЭксонМобил Казахстан Инк.» компаниясының қолдауымен жүзеге асуда» – дейді аталмыш қор президенті Гүлмира Абельдинова.

Қазіргі таңда елімізде 19000 сəби сал ауруымен ауырады. Өкінішке орай еліміздегі мемлекеттік квота сырқаты бар балалардың 20% ғана қамти алады. Ал қалғандары өз уақыттарын үйде өзінің тегін емделу кезегін күтумен өткізеді. Балалар аяқтарына тік тұрып, өмірлерінің сапасын жақсарту үшін уақытылы кешенді оңалту шаралары, заманға сай жабдықтар мен дәлелденген оңалту әдістері қажет.

                                                                                                                 Өз тілшіміз