«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ КИЕЛІ МҰРАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҰМЫСТАРЫНА «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ ҚАТЫСУДА

«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық жобасы  аясында Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Атырау қаласының Тұрғындар қалашығында орналасқан «1930-шы жылдардағы аштық пен қуғын-сүргін құрбандарына» және «Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқандарға» арналған мәңгілік ескерткішке  тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне бар ынта-жігерлерімен көмек көрсеткен Атырау қаласындағы А.Пушкин атындағы №20-шы орта мектептің 9-шы сынып оқушылары айтарлықтай іс тындырды. Ескерткіш граниті жуылып, тасы ақбалшықпен әктеліп, айналасы арам шөп пен шаң-тозаңнан тазартылды. Жеріндегі төсем тастар дұрысталып, темір қоршаулар сырланды. Жуылып, тазаланып, күтім жасалған ескерткіш пен айнала маңы көрер көзге жарқырап сала берді.

Осы шарада мекеме қызметкерлеріне қолқанат болған жиырмадан астам жастар енді ескерткіш маңын гүл шоқтарымен безендіруді мақсат етуде.

Даталы күнде бұл жерге «Еске алып, тағзым ету» үшін сан ұлтты қала тұрғындары мен қонақтары жиналады, арнайы шаралар ұйымдастырылады.

 

                                                                                                    Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                         «Қоғамдық келісім» КММ

                                                           баспасөз қызметі