Атырауда 1-маусымда мыңдаған музыкалық оркестрлер шеруі өтті

Атырау көшелеріндегі жаппай музыкалық шеруге 4 мыңға жуық бала қатысты.
Музыкалық оркестрлер шеруі Д.Нұрпейісова атындағы академиядан басталып, Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда аяқталды. Бұл жерде шара қонақтарына балалар мен жастар шығармашылық ұжымдарының театрландырылған қойылымдары көрсетілді.
Ауқымды мәдени шараға 4 мыңға жуық адам қатысты – бұл барабаншылардан, шығармашылық ансамбльдерден, чарлидирлер, музыкалық және би ұжымдарынан құралған 43 топ.


Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша, музыкалық оркестрлер шеруі астананың 20 жылдық мерейтойына орай өтті және бұл дәстүрге айналады.
— Бүгінде балалар, оқушылар мен студенттер үшін жарқын болашақтың есігі айқара ашық. Мемлекет жас ұрпақты кешенді дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер беруде — балабақшалар, мектептер салуда, жаңа беделді білім беру мекемелері ашылуда. Үздік студенттер шет елдерде оқу және тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие, еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар бөлінеді. Біз сіздердің арққаларыңызда Қазақстанымыздың болашағы жарқын боларына сенімдіміз,- дейді шара қатысушыларына Нұрсәуле Сайлауова.
Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында Атырау облысында 5183 түлек мектеп бітірді. Олардың ішінде 153 — і «Алтын белгіге» үміткер, 91 – і үздік аттестат үшін.

                          Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі