«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен, облыстық этно-мәдени бірлестіктерінің Келісім кеңесі мүшелері, ғылыми-сарапшылық топ төрағалары, жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысуымен 31 –ші мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты конференция болып өтті.
Конференцияны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Гүлмира Шакирова жүргізіп отырды.
Конференцияның мақсаты «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде тарихи сана қалыптастыру, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту арқылы саяси қуғын жылдарының адам төзгісіз ауыртпалығы ешқашан қайталанбауы үшін тарихи құндылықтарды сақтап, жастарға өткен тарихымызды ұғындыру арқылы санасына сіңіру көзделді.
«Былина» орыс мәдени бірлестігінің төрағасы Короблев Андрей Александрович, саяси репрессия – бүкіл елдің трагедиясы болғанын, осы қасіретті басынан өткерген бір жанұяның тағдыры және Атырау жерінде болған «Прорва» еңбек лагері туралы баяндама жасады. Атырау облысы мемлекеттік архивінен «Қасіретті жылдар дәйегі –архив құжаттарында» тақырыбында, қазақ халқының басынан өткен алапат қасіреті «Алашордашылардан» бастау алатынын, елдегі аштық, босқын халықтың тағдыры, одан кейінгі кезеңі бай, кулактарды тап ретінде жою, билік тара-пынан мақсатты түрде жүргізілгенін, тәркілеу және жер аудару туралы декрет қазақ еліне зор қасірет әкелгенін және қудаланудың үшінші кезеңінде «контрреволюциялық ұлттық ұйымдарды» әшкерелеу, тергеушілердің қоғамнан социалистік құрылысқа қарсы зиянкестік әрекеттерді жүргізуші «элементтерді» неғұрлым көбірек тауып, өздеріне жүктелген жоспарды асыра орындауға тырысқанын, тұтқындарды шетелдік тыңшы етіп, репрессия құрбанына ұшыратқаны туралы архив деректері негізінде бөлім басшысы Тастемирова Райса мазмұнды баяндама жасады .
Шараға қатысушы белгілі ардагер-журналист Л.Монастырская, мәдениет ардагері А.Кенжеғалиев, өлкетанушы В.К.Афанасьев, Б.Нығметов, «Светоч» этно-мәдени бірлестік төрайымы Р.А.Биткова, өзге де қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Конференцияда мазмұнды да маңызды деректер айтылды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
баспасөз қызметі