Қоғамымыздағы рухани жаңару мен моральдық құндылықтарды бекітуге арналды

«Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында  «Славяндық жазба тілі мен мәдениетінің  күні.  Қазақстан халқының рухани бірлігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты — Қазақстанның этно-мәдени кеңістігінде славян тілдерінің қызметі мен сақталуының әртүрлі аспектілері бойынша пікір алмасу, орыс және басқа славян тілдерін үйренудегі тәжірибе алмасу мәселелеріне арналды.

Аталған шараға Ресей Федерациясының вице-консулы Владимир Волков, этномәдени бірлестіктер  жетекшілері мен өкілдері, Атырау облысы  ҚХА-ның Хатшылық меңгерушісі, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, «Қоғамдық-келісім» КММ-нің қызметкерлері, университеттің мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Ресей Федерациясының вице-консулы В.Волков құттықтау сөзін сөйлеп: славяндық жазба тілі мен мәдениетінің  күнін мерекелеу қоғамда өзара түсіністік, келісім және достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Бұл мереке біздің қоғамымыздағы рухани жаңару мен моральдық құндылықтарды бекітуге қызмет етеді, — деді.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С.Камелованың, қалалық №17 мектеп-лицейдің оқытушылары Т. Шадрин мен И. Золотованың тақырыптық баяндамалары тыңдалды.

Мерекелік шара соңында «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы А.Короблев мазмұнды шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға рахмет айтып,  белсенділерді Алғыс хатпен марапаттады.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                           «Қоғамдық келісім» КММ

                                                              баспасөз қызметі