Ардагер журналистті құттықтады

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Ертіс-Баян өңіріне танымал журналист, «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет қайраткері, Железин ауданының Құрметті азаматы, «Республикалық Қазақ радиосының үздігі» медалінің иегері Балтабай Ғалия Құсайынқызын 70 жас мерейтойымен құттықтады. Туған күн иесіне арналған салтанатты кеш Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде өткізілді.

Аймақ басшысы Ғалия Құсайынқызын мерейтойымен құттықтап, Құрмет грамотасы мен гүл шоғын табыстады. Кеш барысында ардагер журналисттің үзеңгілес әріптестері, Ертіс-Баян өңірінің ақын азаматтары  Ғалымбек Жұматов, Арман Қани және т.б. зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін арнады. Әуезді ән салған Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Талант Кәден, музей қызметкерлері Сауле Арынғазина мен Ержан Шәріпханов кештің шырайын енгізіп, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

Балтабай Ғалия Құсайынқызы 1948 жылғы 1 маусым күні Павлодар облысы Железин ауданының Аққайың ауылында дүниеге келген. Туған ауылында сегіз жылдық мектепті, аудан орталығында 10-шы сыныпты аяқтаған талапты жас қыз қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтап, өмірінің 42 жылын сүйікті журналистика ісіне арнайды.

Ғалия Құсайынқызы туған жерінің нағыз патриотыретінде қазақ елінің, өзі дүниеге келген Павлодар облысының өркендеуінезор үлес қосқан қайраткер тұлға.

Әлихан Рахметоллаұлы