Жас зияткерлер марапатталды

Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың шеңберінде облыстың намысын зияткерлік додаларда қорғап жүрген жас зияткерлер марапатталды. Салтанатты кешке халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері,олардың ұстаздары, облыстықбілім жүйесінің дамуына үлес қосқан басшылар мен мамандар, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Шараға қатысқан Павлодароблысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевжас зияткерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтап, заманауи  қоғамда жастардың дарыны мен қабілеттері жоғары роль атқаратынын тілге тиек етіп, оқушыларға туған елінің  патриоттары болуға тілек білдірді.

Салтанатты жиын барысында оқушылар облыс әкімінің атынан«Дарын-2018» белгісімен, ақшалай сыйақы сертификаттарымен марапатталды.

Балаларды білім додаларына дайындап, еңбегінің жемісін көрген талапты ұстаздарға облыс әкімінің құттықтау хаттары және білім беру қызметкерлері облыстық кәсіподақ ұйымының атынан Түркияға демалыс жолдамалары табысталды.

Оқушылардың тарапынан алғысын білдірген Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы, республикалық пән олимпиадасының жүлдегері Шарапиден Аида аймақ басшысына «Дарын-2018» ескерткіш кітабын сыйға тартты.

Әлихан Рахметоллаұлы