Қазақтың тұңғыш генерал бикесі…

Қазақтың тұңғыш генерал бикесі, сенатор Сәуле Айтпаева «Астана ақшамына» берген сұхбатында біраз нәрсені ашық айтты. Негізінде, айтуға тиіс адамдар айтатын мәселелерді көтерді. Нағыз бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болуға лайық тұлға.

«Той-думанға баруға уақыт табатын үлкендердің өз баласының қауіпсіздігіне қатысты дәріске баруға ниетінің жоқтығына қынжыламын. Шындығын айтсақ, ата-ана мен баланың арасы алшақтады. Кітап оқитындар азайып барады. Дастархан басында бірге ас ішіп отырып, баласына қауіпсіздік туралы айтуға болады ғой. Біреу шай ішсе, екіншісі ұялы телефонға телміріп отырады. «Сақтансаң сақтаймын» деген нақыл сөзді неге ұмыттық? Ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту керек» дейді ол. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Гүлмира Аймағанбет Төлен Тілеубай атты қолданушымен бірге.