«Азаматтық бақылау» халыққа кеңес беру қоғамдық қабылдауының кеңсесі ашылды

Құрметті Атырау облысының тұрғындары! 8 маусым күні «Азаматтық бақылау» халыққа кеңес беру қоғамдық қабылдауының ашылуы өтті. Биыл үшінші мәрте республика аумағында жүзеге асырылып отырған әлеуметтік жоба ең бірінші болып Атырау аймағында өз жұмысын бастады. Осыған орай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауына кеңес және бағыт-бағдар сұрай келген жеке тұлғалы азаматтарды қабылдады.

Жобаның мақсаты — Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының және мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына байланысты сұрақтарға консультациялық көмек көрсету, жалпы сыбайлас жемқорлық әрекетіне соқтығысқан барлық азаматтарға тегін заңды кеңес, бағыт-бағдар беру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерін насихаттау.

«Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауы күнделікті сағат 10:00 – 17:00 ге дейін жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. Әр азамат заңға байланысты барлық сұрақтарға тегін кеңес ала алады. Сонымен қатар, сұрақтар, арыз-шағымдар телефон желісі немесе электрондық пошта арқылы қабылданады. Жоба аясында айына бір рет әр мемлекеттік қызмет орындарының бірінші басшылары қабылдау өткізеді. «Азаматтық бақылау» тегін кеңес беру қоғамдық қабылдау жобасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылуда.

Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Өнерпаз сауда үйі,3-қабат,318 «А» кабинеті.

Whatsapp: +7708-207-97-34.
Email:azamattykbakylau@gmail.com, Facebook: Азаматтық бақылау
Instagram: azamattykbakylau

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі