Екі басшының орны ауысты
Президенттің қатысуымен өткен Жер туралы Заң жобасына мораторий жарияланған жиында сөзге келместен отставкаға кеткен Ерболат Досаев бүгін жаңа қызметке тағайындалды. Ол бүгіннен бастап өзінің орнына келген Қуандық Бишімбаев басқарған «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің тізгінін ұстады. Бұған дейін Ерболат Досаев Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы (2013- 2014 жылдары) болды, 2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарса, 1998 жылы премьер-министрдің кеңесшісі лауазымында болған еді.
«ЕлАна»