Атыраулық жүзгіштер Германиядан 6 медальмен оралды
Бұл жолы спортшылар Германиядағы Әлем кубогы үшін сынға түсті.
8-11 маусым аралығында Берлинде паралимпиядалық жүзуден Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 55 елінен 700-ден аса спортшы қатысты.
Жарыстың алғашқы күні Ержан Сәлімгереев 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанды. Сонымен қатар, 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде күміс және 50 метрде еркін әдіспен жүзуде қола медальға қол жеткізді. Осылайша, «Мотиватор» атты лақап атпен танылған атыраулық жүзгіш Әлем чемпионатында бірқатар медальдар жинады. Енді Ержан Сәлемгереев параазияттық ойындарға жолдама ұтып алды деуге негіз бар.
— Мен үшін келесі кезең Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындары болады. Мен қатысуға лицензия алдым. Жеңу үшін бар күшімді саламын,-дейді жүзгіш-паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев.
15 маусым күні паражүзуден Германияда өткен əлем кубогіне қатысқан спортшыларымызды атыраулықтар Темір жол вокзалында күтіп алды.
Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз Дмитрий Ли Қазақстан ұлттық құрамасы сапында эстафеталық сайыста чемпион атанды. 200 метрде кешенді жүзуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күні 200 метрде еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдеге ие болды.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі