Жыл басынан бері Атырау облысының дəрігерлері 122 мың адамның өмірін сақтап қалды
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 мың адамға артық.
Бұл сандар бүгін 16 маусымда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік шара кезінде айтылды.
Шара барысында ең гуманистік мамандықтың 40 өкілі марапатталды. Бүгінде жергілікті дəрігерлердің арқасында көлік апаттарынан, өрт пен басқада апаттардан мыңдаған адамдар құтқарылды. Егер 2017 жылдың 5 айында «103» қызметіне 100 мың қоңырауға қызмет көрсетілген болса, 2018 жылдың басынан бастап 122 мың адамның өмірін сақтап қалды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нəутиев медицина қызметкерлеріне міндеттерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтері үшін, жауапкершілік пен денсаулық сақтауда қосқан үлестері үшін алғысбілдірді.
-Мүмкін адам өмірінде маңыздылығы дәрігер мамандығынан гөрі үлкен рөл атқаратын кәсіп жоқ шығар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда медицина саласының дамуы үшін және медицина қызметінің жоғарғы деңгейде болуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Өңіріміздегі көрсетілетін медицина қызметін арттыру үшін, дəрігерлеріміздің шет елдерде оқып келіп, жаңа апараттармен жұмыс жасауларына мүмкіндік бар.Сіздер тек емдеп қана қоймай, әр сырқатқа сәуле төгіп, болашаққа күш пен сенім бересіздер,- деді Əлібек Нəутиев құтықтауында.
Медицина саласының үздік өкілдерін марапаттағаннан кейін жиналған көрерменге облыстық шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті ұсынылды.
Айта кетсек, бүгінде Атырау облысында 9 400 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1300 дәрігер, қалғандары орта деңгейдегі қызметкерлер.
Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі