«Қайран сөзім қор болды-ау!..» немесе оразаны арықтау үшін ұстайтындарға сауап жоқ

Рамазан айында пойызбен сапарлаудың сәті түсті. Аузым берік. Купеме кіріп орналаса бергенімде шүлдірлей сөйлескен әйел мен төрт-бес жасар бала кіріп келе жатты. «Шүлдірлеп» деп жақтырмаған сыңай танытқаным шашы сап-сары болғанымен келіншектің түр-түсіне қарасам қазақ екен. Өз ана тілімізде сөйлемегендерді жаратпайтын әдетіммен тыжырына қарап ескерту жасауға ыңғайландым. Бірақ бұтында шортиы, кеудесі ашық-шашық келіншектің сыртқы сықпытына қарап үндемедім. Есесіне бүлдіршіннің атын сұрадым. Қазақшама түсінбеген соң орысша қайталадым. Аты Руслан екен. Іле-шала одан ұлтының кім екендігіне сұрау салдым. Бала сұрақты жүзбен анасына қарады, орысша да сұрадым. Өз ұлтын білмейді-ау, сірә.
— Мен алты жылдан бері ораза ұстаймын, — деп мақтанышпен келіншек әңгіме арнасына бұрып жіберді. Ал киген киімінің сыйқына қарасам, оразаны соншалықты «қадірлейтіні» көрінбей тұр.
— Осы уақытта қанша салмақ тастағанымды білесіз бе? — деді ол маған күле қарап.
— Сонда оразаны арықтау үшін ұстайсың ба? — дедім мен қарсы сауал қойып.
— Әрине, әйтпесе не үшін ұстауым қажет оразаны? — деп жауап берді.
Мен таң қалдым. Өзімше түсіндірген болдым. Алайда ол онша ұқпады. Ия, қасиетті Рамазан айының оразасының мәнін түсінбейтіндер көп. Тіпті олар оны мұсылманға парыз екендігін де Алламыздың ризашылығы үшін ұстайтындарын білмейтіндеріне қарным ашады. «Қайран сөзім қор болды-ау бір жаманға» деген күй кешемін осындайда.

Сәуле Мешітбайқызы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері