«Нұр капитал» өңірлік бағдарламасы
Маңғыстауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен «Нұр капитал» өңірлік бағдарламасы қабылданған болатын. Баламасы жоқ, тіпті басқаларда жоқ бағдарламаның басты мақсаты бар жоғы 1 пайызбен ғана несие беріп, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтарға дем беру, қаржылай қолдау көрсету және ауылдардағы бизнесті өркендету. Жыл басынан бері жұмыс тобының қарауына көптеген жоба келіп түсті. Оның ішінде әзірге 110 жоба мақұлданып, екінші деңгейлі банктер мен «Атамекен» микроқаржы ұйымына қарауға жолданды. Жалпы соммасы 3млрд.теңгені құрайтын бағдарламаға бәріңіз қатыса аласыз. Ол үшін кез келген ауданда бір кәсіптің шетін шығарып жобаңызды ұсынасыз, болды. Сосын жер бетіндегі ең төменгі (1%) пайызбен несие аласыз. Бұл жобаға қызыға қарап, біз де жасап көрсек деп жатқандар көп. Бұл жобаға қатысты елбасымыз оң болсын деп батасын берсе, бас министріміз Бақытжан Сағынтаев та басқа облыстарға кеңес ретінде ұсынған болатын. Сіздердің де ақ тілектеріңізге орын қарастырылған)