Ұрпақ жалғастыру-ата-баба аманаты ғана емес, ұлт алдындағы парыз

ЖИЕНДІ НЕМЕРЕ деген НЕМЕНЕ?!.

Қазір әлеуметтік желілерде «Ұл артық па, қыз артық па?», «Қыздан туған бала да немере» деген қолдан жасап алған жасанды «атауларды» келтіріп, айтысып-тартысып жату белең алды.

Алдымен айтарымыз Алла ұлды өз ата-тегінің ұрпағын жалғастырушы, қызды жат жұрттың ұрпағын жалғастырушы – отын жағушы ретінде жаратқан. Ал Жаратқанның жаратқанын жаратпай, өзінше түзегісі келгендер шығып жатқанына қарап, қалай қынжылмайсың? Сондықтан да, оқырмандар сұрауымен қолға қалам алуға тура келді.

Әлгіндей әлеуметтік желілер мен уатсаптағы түрлі топтарда Шернияз ақынның:

«Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім.
Еттің ащы болғанын тұздан көрдім.
Жас күнімде «қыз бала», – деп менсінбеп ем.
Қартайғанда рахатты қыздан көрдім!»

-дегенін мысал етіп, ұл мен қыздың айырмашылығы жоқ деп, өмірдің парқын айырмай, нарқын насиxаттаушылар көбеюде.
Әрине, бұл ұл көрмей, қызды болған отбасылардың өзін-өздері жұбатуы екенін түсінеміз. Алла оларға алда ұрпақ жалғастырар ұл беруін тілейміз.

Бірақ, ӨМІР ШЫНДЫҒЫ – АЛЛАНЫҢ ЖАЗУЫ бар емес пе?! Дегенмен, бір Алладан үміт үзбеу керек қой.

Ұл мен қыздың айырмашылығы, яғни басты мәселе – ұл-қыздан байлық, раxат көруде емес. Ең басты өмір мәні – ұлдан ұрпақ қалдыру.

Қыздың мейірбан екені анық. Бірақ қыздың баласы СЕНІҢ ҰРПАҒЫҢ ЕМЕС – ЖИЕННІҢ ӨЗ ЕЛІ БАР, ӨЗ АТА-ӘЖЕСІ БАР. СЕН ҚЫЗДАН ТУҒАН БАЛАНЫҢ тек НАҒАШЫ ата-әжесі ғана БОЛАСЫҢ. ҚЫЗ ЖАТ ЖҰРТТЫҚ деп атам қазақ ақиқатын, турасын айтқан. Қыз да, Қыздан туған балалар да сенің ата-тек ШЕЖІРЕҢЕ ЖАЗЫЛМАЙДЫ! Ұл болмаса, ШЕЖІРЕ ҮЗІЛЕДІ!.. Қыздан туған баланы немерем деп, оның өз ата-әжесінің орнына таласу – Алланың дегеніне, табиғи заңдылық, ұлттық дәстүрге қарсы шығу. Бұл қыздың баласы мен ұлдың баласының аталық айырмашылық парқын айырмайтын орыстанудың зардабы.

 

Қазыбек Иса фб парақшасынан