Кітап оқымай ми толмайды…

Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.

Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.

Елу жыл кітапты көтердім, ол енді мені көтере бастады, бірақ өмірім

болса кітапты әлі де көтере берер едім.

Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!

Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.

Жасау үшін оқымаймыз, оқу үшін жасаймыз, сондықтан күніне кітаптың төрттен бірін оқитын әдетті қалыптастыр.

Машина өлгенге дейін сүйрейді де, өлген соң көрге апарады, кітап өмірбақи сүйрейді.

Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.

Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.

Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.

Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.

Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.

Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.

Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.

Кітапка бойыңдағы бар қасиетіңді беріп оқыма, әйтпесе түгін де алмай

кетесің.

Кітап окымағанның көзі бұлыңғыр.

Құдайым өзі кітап жіберіпті, ендеше оны кейін толықтырып, халыққа беру ұрпак міндеті.

Кітап менің екінші әке-шешем, кітапты күнде оқымасам, әке шешемді сағынып тұрамын.

Қандай кітап болмасың, негізгі қанқасы адам бейнесі.

Кітаптың бере сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.

Кітап адамды адам түсінуінің бірінші сатысы.

Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.

Кітап оқымай, пікір тумайды, туса жас бала да жылап туады, оны

күтіп, қамқорлыққа алу керек.

Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,

кім ерінбес жеңіс соныкі.

Қолдан-қолға түсіп жүретін кітап жазу әр адамның арманы.

Жүрекке жылы, тілге жеңіл, өзің айтқандай жазылған кітапты өмірбақи окисың.

Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады.

Әріптен — әліппе, әліппеден — әлем.

Мен кейбір кітаптармен күнде сәлемдесем, қайсыбірімен мәңгілікке қоштасам.

Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол

кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз

ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс

бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.

Кітаптарды оқыған сайын барлық кемшілік атаулының бәрі менің бойымда сияқты, соны жоюдың жолын ой таразыма салып азаптанамын.

Кітап адамның екінші табиғаты, өйткені одан өз қалағаныңды аласың.

Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.

Кітапқа жазылған кіріспе, оның өмірге алған жолдамасы.

Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.

Қаламсапсыз кітап ұстама.

Кітап оқығанда: ой ойға, түйсік түйсікке, сезім сезімге, күдік күдікке,

өкініш өкінішке, қуаныш қуанышқа тола береді.

Кітабы жоқ үй, күйі жоқ үй.

Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.

Кітапсыз өмір қап қара көңіл.

Кітапты оқыған адам ойға да, қайғыға да шомылады, кітаптың кереметтілігі сонда.

Сыншы сынбай кітап жүре алмайды.

Оқулықтың әр беті ми қабатынан орын алсын, сонда түбегейлі білім

аласың.

Көңілге қонымды кітап оқысаң, ой борышынан құтылғандай боласың.

Жақсы кітап жан жарың сияқты, қайырылып оқып сырласасың.

Жақсы кітапты білу жолдары:біріншісі, іші сырты тозған, екіншісі,

басынан, ортасынан, соңынан бір бір беттен оқы. Үшіншісі, әр бетіне жылдам көз жүгіртіп шық.

Жазушы кітаптың оқиғасын ойдан жасап, кейіпкерін есік ашып үйге кіргізеді.

Кітаптың редакторы бірінші қонақасы беретін адам.

Кітаптың авторына баға жетпес сыйлық – оқырманның ашық айтқан пікірі.

-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.

— Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.

Егер ол дүниеде жұмақ бары анық болса, кітап «Телевизор көрген баланы кітап оқыған бала басқарады»…

Elana.kz