ҚЫТАЙ ҚОРҚЫНЫШЫ немесе ҚЫЗДЫҢ «ҚЫЗЫҒЫ»
Қазақ қыздарының қызығын қытайлар көріп жатыр,- деген байбалам əлеуметтік желіде көп жазылады екен….
Мұның себептері көп.
°°° Біріншіден- Мемлекеттік идеология құралы өте əлсіз , ұлттық идея ақсауда.
°°° Екіншіден- БАҚ өкілдері өткір мәселелер туралы ауыз ашпайды ( Тек мақтау — мадақ, дарақылық пен Даңғазалық)
°°° Үшіншіден- Экономикалық мешеуліктің салдарынан шет елдік инвесторлар зауыт- фабрика сала бастауы ( Технологиялық даму жоқ) Əрине, жүздеген мың қытай келуі əбден мүмкін (((
°°° Төртіншіден- Билік əлеметтік желіні бұғаттауы қарапайым халықтың ызасын тудырып, кері әсер етіп жатқаны да ащы шындық.Бұл биліктің халықпен ашық диологке келуге қорқады деген тұжырым жасауға мəжбүр етеді..
Ең жаманы əлеуметтік желіде жастарды жасытатын жылауық жазбалар, «ҚЫТАЙ ҮРЕЙІ» °°° Қытаяфобия°°° деген синдром пайда болды. Өткенде бір қытайға бес — алты милиция жабылып, түк істей алмағаны туралы видео УАТСАПП арқыры тарап, елдің санасына қорқыныш, үрей орнатты…
Сол милиция, СОБР көшедегі әйелдер мен қазақ қыздарына күш көрсеткені ұят енді….
Жоқ, олай болмауы керек!!! Біз Қазақ деген ұлттың санасына қорқыныш пен үрей емес, РУХ пен НАМЫС оятатын «Дүние» жазуымыз керек !
P.S.
Түйе құс жау көрсе, басын құмға тығады екен… Бірақ, оны жауы алмай қоймайды! Қашқан жауға қатын би,- дегенді бабалар бекер айтпаса керек!!!