Жамбыл облысының үздік тауарлары анықталды
Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс артып келеді. Алайда, жергілікті кәсіпорындар жаһандық бәсекелестікке төтеп бере ала ма? Ал, бәсекелестік санға емес сапаға жұмыс істейді. Оның нақ дәлелі бүгінгі «Қазақстанның үздік тауарлары 2018» өңірлік байқауы. Облысымызда осымен 4 — жыл ұйымдастырылып отырған іс-шарада, республикаға жолдама алған кәсіпорындар анықталды.
Биылғы Қазақстанның үздік тауарлары-2018 көрме-байқауына 78 кәсіпорын өтініш білдірген екен. Сарапшы мамандары болса бүгінгі байқауда санға емес сапаға аса мән беру қажеттігін айтты.
Себебі, қазіргі нарықта бәсеке жоғары. Демек, тауар сұранысқа ие болу үшін сапа мен баға сай болуы керек.
Асанбек Жұмабаев – САРАПШЫ ТОПТЫҢ МҮШЕСІ
Рысбек Жұмабаев бұл байқауға алғаш қатысып отыр. Ісін етік жөндеуден бастаған кәсіпкердің қазір өз шеберханасы бар. Бүгінгі көрмеге таза былғары мен қой жүнінен тігілген аяқ киімдерін көпшілік назарына ұсынды. Сапа жоғары, сұраныс төмен. Өйткені, шағын шеберхананы көпшілік біле бермейді.
Рысбек ЖҰМАБАЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР / Біздің аяқ киімдеріміз таза теріден жасалған. Аурудың бәрі аяқтан келеді дейді. Әзірге аса танымал емеспіз»
Расында өткен жылдармен салыстырғанда биылға тауарлардың сапасы, технологиясы мен инновациялық дамуы жоғары. Бассты себеп — кәсіпкерлікке мемлекет қолдауы жыл санап жақсарып келеді.
Мәріпбек ШӘКЕРБЕК – «АТАМЕКЕН» ҰКП ЖОФ ДИРЕКТОРЫ / Біздің өнімдеріміз жалпы сырттан келетін өнімдерге төтеп бере алады. Оған біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз./
Осылайша Байқауға қатысушы кәсіпорындардың өнімін бағалайтын сарапшы топ республикалық байқауға қатысатын үздік тауар өндірушілерді анықтады. «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауар» номинациясы бойынша «Talas Investment Company», «Roden», және «Novacom. Tehnology» серіктестіктері жүлде алды. «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» бойынша «СБ Плюс», « GOOD ZHEM» және «ELLIN SHOES» кәсіпорындары алдыңғы саптан көрінді. Ал, «Ең үздік азық-түлік тауарларының» қатарына «Әулие-ата Феникс», «Козин» және «Әдезбаев» кәсіпкерлерінің өнімдері жатқызылды. Әулиеата өңірінде үздік шыққан тауар өндірушілер енді республикалық байқауға қатысады.
Н.СЕМБЕКОВ, Ө.ЫБЫРАЙ