«Ұлттық домбыра күнінде» нәрестелерге домбыра сыйлады
1 шілде күні облыстық перзентxанада дүниеге келген сәби домбыралы болды.
Бұл күні перзентхананың медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша 5 ұл және 1 қыз аман- есен дүниеге келген. Олардың дені сау, салмақтары қалыпты. Аналарының жағдайы жақсы.
«Ұлттық домбыра күні» датасына арналған шараға жас босанған аналар мен медицина қызметкерлері қатысты. Оларды Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірова құттықтады.
— «Биылғы жылы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мереке – «Ұлттық Домбыра күнін» енгізді. Бүгін біз осы маңызды күнді атап өткенімізге шын қуаныштымыз. Домбыра ежелден халқымыздың музыка мәдениетінің символы, ол бала кезден әрқайысымыздың жанымызға жақын, оның шегінен шыққан әуен әрбір адамның жүрегіне жетеді. Біз бүгінгі жас аналарға және олардың балаларына зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз. Олар біздің еліміздің лайықты азаматтарын өсіріп, біздің дәстүрімізді, тіліміз бен рухани құндылықтарымызды ұрпағына жеткізе білсін», — деді Гүлмира Шәкірова.
Мереке қарсаңында босанған аналарға салтанатты түрде гүл мен сыйлықтар берілді, ал мерекенің басты белгісі — домбыра алғаш сәбиі дүниеге келген Кенжеғалиевтердің отбасының тарту етілді.
-«Мен бүгін түнде сағат 12.30-да ұлымды босандым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Баламыздың аты әзірге қойыла қойған жоқ, қазақы салт-дәстүріміз бойынша үлкендер лайықты есім таңдайды деп ойлаймын. Бүгінгі мерекені ұйымдастырушыларға осындай құрметтері үшін алғыс айтамын. Бүгін еліміз үшін және отбасымыз үшін ерекше күн. Мен өте қуаныштымын, бұл оқиға ұлым үшін ерекше және ұмытылмас оқиға болады», — дейді жас ана Іңкәр Жәнібекова.
Айта кету керек, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық Домбыра күні» туралы жарлығы жарияланды. Мереке қоғамды ұлттық мәдениет идеясы бойынша дамыту мақсатында құрылған және шілде айының бірінші жексенбісінде тойланатын болады.
Осындай құттықтаулар облыстың және аудандардың барлық перзентханаларында өткізілді. Қызылқоға ауданында Хайруллина Майра, Индер ауданында Қалимова Айнұр, Мақат ауданында Серикқалиева Ұлболсын, Жылыой ауданында Нұрғалиева Жайлыгүл, Құрманғазы ауданында Мырзағалиева Гүлден, Атырау қаласында Әмірбекова Айжарқын елімізде алғаш аталып өткен «Ұлттық домбыра күні» перзентхана үйінде алғашқы болып нәрестелеріне әлемнің жарығын сыйлады. Осы аналардың сәбилеріне домбыра, ал барлық өзге де аналар мен балаларына жібек орамалдар, сыйлықтар, гүл шоқтары ұсынылды.
Светлана Муньянова