ПМУ профессоры Павлодар қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, техникалық ғылымдар кандидаты, профессор Төлеуғазы Төкілұлы Тоқтағановқа «Павлодар қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Төлеуғазы Төкілұлы — Павлодар индустриалды институтының түлегі. Оның еңбек жолы туған жоғары оқу орнының қабырғасында өтті.1987 жылы факультет деканы болып сайланып, университетте 30 жыл бойы жемісті еңбек етті.

Төлеуғазы Төкілұлының бастамасымен алғашқы студенттік конструкторлық бюро, салалық ғылыми-зерттеу лабораториясы құрылды. Факультет деканының ғылыми еңбектері Павлодар индустриалды және Алтай политехникалық институттарында енгізілді. Сонымен қатар, әзірлемелер Алтай моторлы, Павлодар тракторлы және Чебоксар агрегатты зауыттары, Челябі қаласындағы автотраткорлы техиникасының ғылыми-зерттеу институтының филиалында енгізілді.

Төлеуғазы Төкілұлы еліміз бен облыстың қоғамдық өміріне белсенді араласуда. Аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. Павлодар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті жанындағы ғылыми-техникалық Кеңестің мүшесі, Павлодар облысы машина жасаушылары заңды тұлғалары бірлестігі қауымдастығының президенті және Қазақстан Республикасы машина жасаушылары Одағының мүшесі болып табылады.

Әлихан Рахметоллаұлы