Қасиетті баба, әжелер
Бішкектегі аға-досым, көрнекті ақын Атантай Акбаровтан аударма:
Қасиетті баба, әжелер
Батыр, дана болған баба, әжелер,
бойларына асыл қасиет жинаған.
Елді, тіл мен салтты қорғап, сақтаған,
еңбегіне теңеу таппай қиналам.
Отаным деп жанын қиған бабалар,
Аспан тірер шыңдай бізге байқалып.
Ерліктері ерден өткен арулар,
Өсіп тұрат гүлге айналып жайқалып.
Манасшылар, өнерпаздар, ақындар,
Рухты сақтап түн қатады түс жорып.
Қазір дағы қанат байлап көңілге,
Көк аспанда ұшып жүрет құс болып.
Ақыл-ойы ескірмеген ғалымдар,
түрленуде бұл заманға шақ болып.
Жеміс беріп, сая болып адамға,
бүгін дағы өсіп тұрат бақ болып.
Мөлдір сулар тіршілікте біз жұтқан,
әжелердің тілегінің арқасы.
Бабаларды өлді деуге бола ма,
Жұтқан ауаң – бабалардың батасы.
Қасиетін бабалар мен әженің,
көз ілместен айтып таңды таңға ұрам.
Құсқа айланып кетем мен де бір күні,
Ұрпақтарға қандай мирас қалдырам?..
Қырғыз тілінен аударған — Саят Қамшыгер