Амангелді Айталы. Қазақ болу немесе рухани арпалыс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазғандай, «Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адаса бастайды». Ақылға сыйымсыз еліктеушілік, әсіресе тіл, білім, дәстүр, өнер саласында қауіпті. Мәселен, сәбилерді де кеңестік интернационализм идеологиясына бейімдеуге ұмтылған сол кездегі этнопсихологтер бірнеше республикада балаларға ұлттық астары бар суреттерді ұсынып, ұнағандарын таңдаңдар деген. Орыс балалары Кремль, ақ қайыңдарды, грузин балалары тауларды, қазақ балалары далада шауып келе жатқан аттың бейнесін ұнатқан. Экспериментті жүргізушілердің балалар атамекендеріне қарамастан Кремльді таңдар деген болжамдары ойдан шықпаған. Ұлттық рух нәзік, оның терең жұмбақ сырын ұлттың перзенті жас кезінен бойына сіңіреді.

egemen.kz