«Тәуелсіздік куәгері ғана емес, оның өмірге келуінің басы — қасында- болған адаммын » — Н.Назарбаев (видиор)

Өткен күндер — қазақстандықтардың өзге ұрпағында қайталанбайтын ерекше уақыт. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Телерадиокешені Фейсбуктегі ресми парақшасында Елбасымен болған сұхбаттан видеоүзінді жариялады. Онда Мемлекет басшысы өткен күндерден қалатын естеліктер мен уақыттың неліктен зымырап өтетініне қатысты ой-толғамымен бөлісті.

«Бұл өмірде барлығы зымырап тез өтеді деп айтамыз. Себебі адам жадында өткен өмірдің тек жарқын сәттері сақталады. Сондықтан уақыт сығымдалады. Болмашы дүниелер ұмытылып, тамаша әсерлер қалады және уақыт өте қысқа болып көрінеді», — деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың аға буыны өзге ұрпақта қайталанбайтын ерекше уақытты бастан өткергенін атап өтті.

«Біз жастық шағымызда әлемге төңкерілген дүрбімен қараймыз. Алдымызда мыңдаған жылдар бар секілді көрінеді. Ал кейін уақыт жеткенде дұрыс дүрбіні қолға аламыз. Әрине, аз өмір сүрмедік, талай жолдан өттік. Бір жағынан бұл қиын кезеңдер болды. Екінші жағынан, бұл қазақстандықтардың өзге буынында қайталанбайтын ерекше уақыттар еді. Мен өз елімнің тәуелсіздігінің куәгері ғана болып қоймай, оның өмірге келуінің басы-қасында болғандардың бірі едім. Бұл жерде жалған қарапайымдылыққа салынбай-ақ қояйын. Әрине үзеңгілестеріммен, халқыммен бірге қол жеткіздім. Сондықтан, өткен күндер туралы керемет әсер бар, разылық сезім бар және алда тұрған үлкен міндеттер бар», — деп өз сөзін түйіндеді Президент.