Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Қытайдағы туысы түрмеде отыр (Видео)

Аtajurtjastar.com редакциясына Жұмадан Жарқынбекұлы деген азамат xабарласып, өзінің мұң мұқтажын айтып, сұқбат берді. Қазақта » Жан қысылсы жақынын табады » деген аталы сөз бар , Мұxтар Абырарұлы Құлмұxаммед мырза. Мен Жарқынбек Жұмадан Қазақстан азаматымын,2014жылдың наурызында тариxи отаныма оралып, 2016жылы қыркүйекте Қазақстан азаматы атандым. Менің әкем Қасымбай Қарқынбек Қытай азаматы, Қытай паспортындағы визасының мерзімі бітуіне байланысты қайта виза аштырғалы 2017 жылы майда қытайға қайтқан, содан 2017 жылдың маусымында әкемді Шыңжаң Буратала қалалық сақшылары тұтқындағанын естідік. Ал әкем болса зиялы қауым өкілі, зейнеткер, тұтқындаудан бұрын ешқандай заң-ережелерге қайшылық жасап, қылмыс өткізбеген еді. Содан бері 1 жылдан астам уақыт өтті. Әкемнің тек саяси үйрену орталығы деген лагерьде отырғанын ғана білеміз, одан басқа ешқандай сенімді хабар ала алмай отырмыз. Мен Қазақстан азаматы Нұрақай.Тұрсынгұл,2017 жылдың қаңтарында ата жұртыма оралдым. Қазақта»жан қысылса жақынын табады»деген аталы сөз бар,құрметті Мұxтар Абырарұлы ұлы Құлмұxаммед мырза,сіздің кіші шешеңіз Қалиқан Жатқанбайқызы мен менің жолдасым Жарқынбектің шешесі Орынқан Жатқанбайқызы екеуі бір туған әпкелі-сіңілі кісілер. Бұдан бұрын сізбен байланысқа шықпақшы болып телефон номеріңізді ісдестіріп таба алмадық. Ұлым Астанаға барып та сізбен байланыс жасай алмады. Сондықтан осы видео үндеу жолдау арқылы сізбен байланысқа шығармыз деген үміттемін. Ең соңында менің сізден өтінерім, жазықсыз абақтыға қамалған жолдасым Жарқынбектің Қытай түрмесінен босатылып шығып, ата жұрты Қазақстанға ертерек оралып, отбасы, бала-шағасымен қауышуына көмектесуіңізді сұраймын.

Материалды қолдану http://arhar.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі : http://arhar.kz/2018/07/08/m-htar-l-m-hammedti-ytajda-y-tuysy-t-rmede-otyr-video/