Нұротандықтар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырды
Маңғыстау өңірінің әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен теңіз жағалауында демалушыларға сақтық шараларымен тазалық жағдайын, сонымен қатар тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайтыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Билік партиясы бастаған үгіт-насихат тобының құрамында ішкі істер органдары, төтенше жағдайлар департаменті, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, экология департаменті, бұқаралық ақпарат құралдары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері болды.
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенованың айтуынша, жаз маусымында шаһарға келіп-кетушілер қатары көбейген сайын, сақтық шараларын күшейту маңыздылығы туындайды. Бұл ретте алдын-алу шаралары жүргізілуде, мұны тұрғындардың өздері де қолдап отыр.
Айта кету керек, облыс маслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №19/236 шешімімен Ақтау қаласының суға шомылуға тыйым салынған орындар белгіленген. Ақтау қаласы бойынша метр, 4-ші шағын аудандағы «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінен бастап 5 ықшам ауданындағы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін ұзындығы 300 метр құрайды. Сонымен қатар ұзындығы 100 метр болатын «Шора» су каналына жағалау аймағы тыйым салынған аймақтар болып белгіленіп, ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні күшіне енді.
Демалушылармен тілдескен төтеншеліктер су айдындарында адам шығынын болдырмауға бағытталған іс-шараларының өткізіліп жатқандығына қарамастан, соңғы жылдарда облыс аумағында суға кеткендер саны азаймауда, керісінше олардың өсу үрдісі байқалуда екендігін айтты. Өткен жылға көз салсақ, суға түсу ережелерін сақтамай, су айдындарындағы түрлі талаптарды орындамай көз жұмғандар саны 19 адамды құраған. Биылғы жылдың көрсеткіші бойынша суға түсу маусымының алғашқы айларында Каспий теңізі жағалауында 7 адам суға кеткен. Маусым айында – 3, ал шілдеде — 4, оның 2-і кәмелет жасына толмаған балалар, ал жылдың осы кезеңімен салыстырғанда суға батқан 5 адам болды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған.
Үгіт-насихат шарасы кезінде теңіз жағалауында шомылып жүрген адамдарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соған қарамастан қатерлі аумақ деп тыйым салынған жағалауда тұрғындар шомылып жүргені анықталды. Оларға тәртіп сақшылары бұл жолы ескерту жасаумен ғана шектелді. Бұдан былай, заңға сәйкес тәртіпке бағынбағандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Сөздің орайы келгенде айта кету керек, демалушылардың арасында өздерінен кейін тазалыққа сақтамайтындығы көзге ұрып тұр. Спирттік ішімдік ішіп бос бөтелкелер мен темекенің қораптары, бос баклажка, пакеттер шашылып жатыр. Өкініштісі әлі де болса демалушылар тазалыққа келгенде салғырттық танытатына көрініп тұр.
Сонымен қатар, қала тұрғындары кейбір мәселелерді билік өкілдеріне назарға алуын сұрады. Атап айтқанда, теңіз жағалауындағы көліктердің жүруіне шектеу қоюды сұрады. Кезінде шлагбаум орнатылып, көліктерге кіруге тыйым салынған белгі тұратын. Алайда бүгінгі көрініс, кешегіден басқаша. Темір тұлпар тізгіндегендер әрлі-берлі жүріп тұрғындардың мазасын қашыруда. Осы мәселені құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдардың бақылауға алуын өтінді. Алдағы уақытта аталған мәселенің орындалысы «Нұр Отан» партиясының жіті қадағалауында болады.
Кәмшат Айбергенқызы
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Ақтау қаласы
Суреттерді түсірген
Талант Құсайын