АДАМ ҮШІН ЕҢ АУЫР НӘРСЕ ОЛ — Ой.
Жаман ойлар адамды қажытады, шаршатады, жаман іс-әрекеттерге апарады. Жаман Ойдан құтылу да қиын.
⠀
Екінші жағынан қарасаң ең жеңіл нәрсе де Ой. Адамның миына минутына мыңдаған ойлар келіп кетеді. Не нәрсені Ойлай салу, Ойға түсіре салу жеп-жеңіл.
Ал ойдың адам өмірін Өзгертуде алатын орны зор, бірінші орында тұрады.
💥💥💥💥💥
Жақсы өмір сүруің мен Нашар өмір сүруің тікелей Ойға байланысты. Неге дейсіз ғой? Мен мына бір тұжырымды алдымен орысша оқып едім, содан өзімше қазақшаға аудардым. Жойқын мағынасы бар екен, өз өмірімді өзгертуге әсері зор болды..
Ойдан әрекет туындайды
Әрекеттен әдет туындайды
Әдеттен мінез туындайды
Мінезден тағдыр туындайды
💥💥💥💥💥
Посеешь мысль — пожнешь действие,
Посеешь действие — пожнешь привычку,
Посеешь привычку — пожнешь характер,
Посеешь характер — пожнешь судьбу
💥💥💥💥💥
Жақсы өмір сүре бастау үшін алдымен Жақсы Ойларды ойлап үйрену керек, турасын айтқанда Ойды басқарып үйрену керек. Одан кейін барып жақсы Іс әрекеттер істеуді үйрену қажет. Біліміңді молайтатын, ден саулығыңды түзейтін, табысыңды көбейтетін, адамдармен қарым қатынасыңды жақсартатын Іс әрекеттер істеп үйрену. Ол әрине оңай емес. Бірақ нақты Іс әрекеттер істеп үйренбеген соң құр жақсы Ойдан ештеме өнбейді..
⠀ 💫💫💫💫💫
Ал күнделікті істейтін Іс әрекеттер Әдетке айналады. Ауру қалса да әдет қалмайды деген сөз бар ғой, әдет қалыптасқан соң ол адамның Мінезіне айналады. Мінезің қандай болса Тағдырың сондай..
Сіз ойыңызды басқара аласыз ба? Қалай басқарасыз? Әркім өз тәжірибелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар, бір-біріміздің жетілуімізге көмегі болар еді.
👇👇👇👇👇
Егер осы пост ұнаса және оны ары қарай тарқатып жазып, өз тәжiрибеммен бөліссін десеңіз, 1 деген цифрды қойып қойыңыз. Қанша адам шынайы оқып, осындай тақырыптарға қызығатынын біле отырайын.
⠀ 👆👆👆👆👆
Өз басым кейінгі жылдары Ойды басқару жайлы, бірден Іс-әрекеттерді істеп кетуді Әдетке айналдыру жөнінде нейробиолог ғалымдардың еңбектерін оқып, тәжірибе жасап жүрмін. Міндетті түрде осы тақырыпты жалғастыратын боламын..