Итемген Орынбаев — 80 жаста

«Рухани жаңғыру» бағдарламсы аясында Маңғыстау ауданының 90 жылдығы қарсаңында Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде «Қазылыққа да қасиет керек» атты шара өтті.

Шараның мақсаты — ҚР Құрметті судьясы, сот саласының сайыпқыраны, Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы  Итемген Орынбаевтың 80 жасқа толуына орай еңбек ардагерінің еңбек және өмір жолын насихаттау.

Жиынды журналист — ақын Аллаберген Қонарбаев әдемі  жүргізіп отырды. Шарада аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров сөз алып:«Итемген Орынбаев Маңғыстаудың  әділет және сот  саласында алтын әріптермен жазылатын есім. Өйткені 40  жылдан астам уақыт бойы сот төрағасы болған адамның еңбегі ерекше. Ол Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу, Жаңаөзен аудан қалаларында сот төрағасы болып абыройлы еңбек етті. Бүгініг мерейтой құтты болсын. Итемген Орынбайұлыныңы ел үшін жасағна қызметі әлі талай ұрпақтың жадында қалатыны сөзсіз» деді. Ж.Айтуаров  мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Шарада Маңғыстау облыстық соттың өкілдері судьялар Гүлажар Бақытжанова, Ақтау қалалық сотының төрағасы Кенжалиев Малик, судья Молбаева Айжан, Маңығстау облыстық судьялар  одағының төрағасы Бисенов Рахымжан, аудандық соттың судьясы Серікқали Бердібековтер құттықтау сөз алып, Иекеңе құттықтау арнауларын оқыды.

Шарада журналист А.Қонарбаевтың И.Орынбаев туралы дайындаған «Әділеттің ақ туын ұстаған жан..» атты деректі фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Шарада ҚР мәдениет қайрткері Амандық Көмеков пен әнші жыршы Алпысбек Оңайбайұлы  ән мен жырдан шашу шашылып, керемет көңіл күй сыйлады.

 

Алдаш Шоңай.

Маңғыстау ауданы.