Өзекті мəселенің түйіні тарқатылып, ақ қарасы айиы берсе екен! (Видео)

Мен осы шынымды айтайыншы. Қазақстанды жаһанға танытқан ел мақтанышы Денис Тэннің қапыда қыршын кетуіне бір күйзелдім. Ал оның өліміне себепкер болған күдіктінің бірі Жамбыл облысынан екенін естігенде осы өңірдің тумасы ретінде алғашында тіпті қатты күйзелгенім бар. Бірақ артынша «қылмыс өңірге бөлінбейді ғой» деп өзімді аз-кем жұбатқансыдым. Дегенмен, «итің жаман» десе намыстанатын жұрттанбыз ғой. Сол жігіт кім болды екен? Неге қоғам болып сол жігітті тура жолға түсіре алмадық екен деген сынды мазасыз ойлар көкейден кетпей қойды. Осы мәселе əріптесім, əрі жуырдан бері облыстың идеологиясына басшылық етіп отырған Берік Уәли мырзаны да мазалаған екен. Jambyl облыстық телеарнасында «Қоғамдық талқылау» хабарының тұсауын кесіп, алғашқы тақырыпты осы түйткілге арнапты. Бекеңнің «қоғамдық талқылауында» өзекті мəселенің түйіні тарқатылып, ақ-қарасы айтыла берсін деген ниет-тілегім бар.

 

Əуесбайдың Қанатының фб парақшасынан