2018 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста 172 жергілікті атқарушы орган бар
Қызметшілердің штаттық саны 1347, нақты саны – 1257.
Бос орындар саны — 90, яғни, штаттық бірліктің 6,7% құрайды, ал 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша бос орындар саны 159 бірлікті құрады. Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 93,3% қамтылған. Өткен жылға қарағанда бос орындардың толығуы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп атауға болады.
Есептік кезеңде 454(348) бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жарияланды.
Жарияланған конкурстарға 453-99,8% (209-60,1%) үміткерлер қатысқан. Атап айтқанда:
Жалпы конкурс бойынша:
217 — 47,8% (185-53,2%) бос орынға 342 — 75,5% (170-81,3%) үміткер қатысқан, бұл бір орынға 1,6(0,9) адамды құрайды.
Үміткерлер болған 223 (90-100%) конкурстық іріктеудің әңгімелесу кезеңіне байқаушылар мен сарапшылардың қатысуы 100% қамтамасыз етілген.
Ішкі конкурстың нәтижесі бойынша тағайындауға ұсынылған 65 (36) үміткердің 41-і- 63%(28–77,7%) жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған.
Факторлы-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесінің пилоттық жобаларын іске асыру бойынша
Қазіргі таңда, облыстың жергілікті атқарушы органдары мен Агенттіктің аумақтық департаментінің қызметкерлеріне ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жаңа еңбекақы төлеуге көшті.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысының жоғарылауы, азаматтардың өңірдегі мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы мен тартымдылығын арттырды деуге болады.
Бұл көрсеткішті өткен жылдың 1 жартыжылдық қорытындысымен салыстырғанда бос орындар саны -137(10.2%) — ден 90(6,7%)-ға, таза ауысымдылық бойынша – 56(4.2%)-дан 24(1.8%)-ке азаюынан және тестілеуден өтуге ниет білдірген үміткерлер саны — 1339-дан 2760-қа, яғни 2017 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 1,6% өскенін байқауға болады.
Сонымен қатар, конкурс бойынша мысалы үшін Маңғыстау облысы индустрия және инновация басқармасында 1 орынға (бас маман) 13 үміткер, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасында 2 орынға (бас маман) 8 және 5 үміткер, Ақтау қаласы әкімінің аппаратында 1 орынға (бас маман) 10 үміткер, Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында 1 орынға (бас маман) 12 үміткер, Маңғыстау облысы мәдениет басқармасында 1 орынға (бас маман) 5 үміткерлер қатысқан.
Тестілеу бойынша