Көшпелі көрме – көп жайға қанықтырады.
Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының ұйымдастыруымен «Өлке тарихы — ел тарихы» атты көшпелі көрменің тұсауы кесілді.
Салтанатты жиынды ашқан, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлім ова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру міндеттері жайына кеңінен тоқталып, бүгінгі ашылып жатқан көшпелі көрменің маңыздылығын ерекше атады. Әркім туған өлкесінің өткен тарихын тани білгені жөн. Көрмеде облыстың 17 ауданы мен екі қаласының көне тарихынан сыр шертіп, өткенді еске салғаны біздер үшін өте құнды. Әр ауданның көрме парақшаларында ұзақ сақталған ын айғақтап, уақыт сүрлеуімен сарғайған құжаттардың маңызды лығы көрермен көңілінен шықаны байқалды. Дерек пен дәйекке толы сарғыш суреттер көне дәуірдің тыныс-тіршілігінен сыр шертіп, жұрт назарын тартары анық. Көрме жайында, облыстық мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы Марзият Тохаева : – Көрмені архив қоймасындағы бұрын-соңды ел назарына түсе бермеген соны деректермен байыттық. Жоба облыс тұрғындарына естен шыға бастаған ескі кезеңнен сақталып қалған деректерді шынай қалыппен ұсынатын болады. Біз бұл көрме арқылы, Көкшетау мен Қараөткелдің арасын жалғастырған тарихи оқиғаның жазбаша куәлерін, әр өңір тұрғындарына, елдің бір ғасырлық тарихын талдап, түсіндіруге тырысамыз. Көшпелі көрме әрбір ауданда болып, көпшілікке ұсынылады. Көрме елдің өткені ғана емес, бүгінгі тіршілігінде қамтиды. Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жарқын келбетімен, еңбегі де кеңінен көрініс тапқан. Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан жобалардың орындалу барысымен, құжат жүзінде танысып,қызықтауғада болады. Көшпелі көрменің алғашқы сапары Зеренді ауданынан басталады деп, көпшіліке қысқаша таныстырды. Өткенді білу, жетістігіңді нықтап, кемшілігіңді түзеуге дем болары анық.
Дахан Шөкшир.