Көшпелі отырыста –көп нәрсе айтылды.

Корғалжын ауданында көшпелі семинар кеңес болып, Астана маңындағы  Ерейментау, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы аудандарының әлеуметтік сала басшылары, мамандары қатысты.Кеңесте осы аудандарда әлеуметтік сала мен қатар  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар айқындалды. Кеңесті облыс   әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова басқарып, қортындылады.

Семинар-кеңес күн тәртібіне сай, әлеументік саланың ең күрделісі болып саналатын білім саласынан басталалып, облыстық білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісов баяндама жасады.  Облыстың бас ұстазының баяндауы бойынша, өңірдегі мектеп жасына  дейінгі балалардың 97 пайызы мектеп алды тәрбиеге  қамтылыпты. Бұл көрсеткіш Ерейментау ауданында  100 пайыз  болса,  Аршалы, Қорғалжын, Целиноград аудандарында орташа дан төмен дейді. Тәрбие беру мекемелердің 40 пайызын жекеменшік.
Өткен жылы облыс мектептерінің  білім сапасы 62,5 пайызды құрап  Қорғалжын, Целиноград аудандарының нәтижесі жоғары болса, Аршалы, Ерейментау аудандарында төмен болыпты. Оқулық сатып алуға облыстық бюджеттен 1млрд 112 млн теңге бөлінгені жеткіліксіз дейді. Себебі Аршалы, Қорғалжын ауданы оқулыққа  қаржы аз бөліп, салдарынан 60 миллион теңге жетіспей тұрса керек. Бұл олқылыққа қортынды жасаған А.Мысырәлімова  оқу жылының басталуына аз уақыт қалғанын  аудан әкімдеріне  ескертіп, бақылауға алуды тапсырды. Оқушылар таситын автобустар жетіспеушілігі туындап жүргені айтылып, ол мәселені шешу жолдары қарастырылды.

–Целиноград ауданында балабақша жетіспейді, 12 мектепте  үш ауысыммен  оқиды. Қоянды ауылына жаңа мектеп салуға қаржы бөлінгенімен,  мердігер анықталмаған. Осы  аудандатөрт мектептің жобалық-сметалық құжаттары  дайындық үстінде. Осыған сай, ауданда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ті дамыту  басым айтылды. Аршалы , Қорғалжын аудандарында мұғалім жетіспейді екен.  Екінші болып сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаеваның айтуынша, өңірде 68 клуб, 67 кітапхана жұмыс істейді. Ауыл клубтарына күрделі жөндеу қажетті деп, Аршалы ауданы айтылса, іргелес Ерейментау ауданындағы жағдай біршама жақсы дейді.
Целиноград ауданының 16 елді мекенінде клуб жоқ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мәдени шаралардың саны күннен күнге артып,   Целиноград ауданында 3 мың , Ерейментау ауданында 2 мың, Аршалы ауданында 1,5 мың, Қорғалжын ауданында 1 мыңнан аса мәдени шара өтіпті. Мәдени салады келесі кезекте атқарылатын жұмыстарда айтылды. Онда:  Клубы, мәдениет үйі жоқ, елді мекендерге жаңа клуб салу, әр аудан модульдік кітапхана ашу үшін қаржы бөлу  бүгінгі күн талабы .  Кітапханаларға келетін  оқырмандар саны артты. Осыған сай, жаңа кітаптар сатып алу, мерзімдік баспасөзге жазылуға қаржы көлемін ұлғайту қажет. Киелі жерлерді анықтау, абаттандырып, көркейту, насихаттау жұмыстарды жеделдету керектігі, жайлы А.Мырсалімова аудан әкімдерінің есіне салды.

Жиында  Қазақстан халқы Ақмола ассамблея-сы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов өз сөзінде Аршалы, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын аудандарындағы қоғамдық келісім кеңестері есеп бермейді десе,  облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Тимур Ысқақов ,  облыстағы  студент, оқушы жастардың саны белгілі.  өзге жастар жайлы  анықтама жоқ, деген уәжді алға тарты. Бұл уәжбен келіспеген әкімнің орынбасары, бұл келеңсіздік,   жастардың теріс жолға түсуіне ықпал болуы  мүмкін, тиісті шараларды дереу қолға алу қажеттігін ескертті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева: —  Мемлекеттік рәміздерді қолдану, ұлттық мерекелерді ұлықтау жайына тоқталды. Екінші жартыжылдықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жоспары жасалды. Осы орайда, басқармада  жаңа бөлім ашылғанын жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Болат Әбішев аталған  аудандарда  дәрігерлер жетіспеуімен қатар,  тұрғын үй мәселесіде күн тәртібінде деп, жеткізді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова: —  Мемлекеттік тілдің мәртебесінің төмендігі, қолдану аясы  көлеңкеде қалып отырғанын, жиналыстар тек қана ресми тілде өтетінін, мемлекттік қызметшілер мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысуы қажет деді. Қазір облыс бойынша оқушылардың 60 пайызы қазақ тілінде білім алады. Мемлекеттік тілді дамыту үшін таза қазақ балабақшасы мен қазақ мектебінің санын көбейту қажет. Өйткені, аралас балабақша мен мектепте қазақ тілі, ресми тілмен бәсекелесуге қауқарсыз. Әр саладағы басшылар мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өз-өздеріне талап қоймаса, оның қағаз жүзінде қалуы  әбден мүмкін. Қазақ тілінде дәріс беретін пән мұғалімдері жетіспейді. Ұлттық мерекеге қырын қарайтын  аудандар да бар. Әлеуметтік сала ең маңызды, күрделі сала.  Кеңес барысында айтылған олқылықтарға  қортынды жасап, жоспарлы түрде жұмыс жасаулды тапсырамын деп, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жиынды қортындылап, сөзін түйіндеді.

Түйін: Ауыл, ауылдың әлеуметтік саласы қолдаушысы, көмектесетін белді азаматтары жоқ ауылдарда, күнделікті күйбең тірліктен аспай жүр. Өндіріс жоқ. Жұмыс жоқ.  Мәдениет ошақтары жоқ.Жер телімдерін анада,мынада, банкте. Инвестрлар алыста. Келеді, егінді себеді, орады, алады, кетеді. Ауылға пайдасы жоқ. Ауылда шикі затты, қайта өңдейтін шағын өндірістер қажет.Оны жоспарлы дамыту қажет.  Тек, ауылға ауадай дем, беріп тұрған мектептер ғана. Мектеп кетсе, ауыл құриды. Ауылды көтеру, тыныс тіршілігімен тікелей танысып, аудан, ауылда осындай көшпелі отырыстарды өткізіп тұрған жемісін береді деп, ойлаймын. Көшпелі отырыста, анау есеп бермейді, жастардың санын білмейміз деген, сияқты,  сұйық сөздер айту ассамблея хатшысымен, жастар саясаты басқармасы басшысы сияқты жастарға жараспайды.   Қызметке келдіңбе істе, ізден, талаптан.

«Рухани жаңғыру» жайын біз дұрыс түсініп жүрмізбе. Жоғарыдағы мыңдап өткізілген іс шаралар нәтижеліме. «Рухани жаңғыру» дегеніміз рухты көтеру, ұлттық рухты көтеріп,жандану жетілу емеспе.  Рух үшін ана тіліміз, яғни мемлекеттік тіл маңызды роль атқарады. Онда тіліміздің күйі қалай. Рух қаныңда ойнап тұру үшін, тілің қазақша сайрап тұруы керек.Жалпы солтүстік облыстарда мемлекеттік тілдің мәртебесі өте төмен. Кейінгі кезде мемлекет тік тілге мән бермеу белең алып барады. Іс қағаздар. Жиындар орыс тілінде. Жиын басталардла, көңіл үшін сәлеметсіздерме деген, сөздің өзі кейінгі кезде сұйылып кетті. Қазақ боламыз, еліміздің ошағын нық ұстаймыз десе, ұлттық , мемлекеттік, ана тілімізді ардақтап, біліуіміз керек. Тілі жоқ, мемлекетте, ұлт болмайды. Осыны түсінетін кез жеткен сияқты.

Дахан Шөкшир.