Ала дорбадан, арнайы кәсіпке жеткізуге арналған жиын.

Бұланды ауданының орталығы Макин кентінде әйелдер кәсіпкерлігін жетілдіру арқылы, ауыл әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамытуға арналған облыстық форум болды.

Форумға Мәжіліс депутаттары М. Айсина, А. Соловьева, Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары А. Мысырәлімова, Қ. Ыдырысов, «Expo&Women» халықаралық ұйымымен қаржы институты және екінші деңгейлі банктер мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1 мың субъектісінде 129,7 мың адам қамтылса, , оның ішінде 50 мың әйел жеке кәсіппен және 10 мың әйел басшы қызметіпен шұғылданады екен. Форумда белгілі қазақстандық бизнес-жаттықтырушылар, кәсіпті дамыту, үйрену, үйрету жайында шеберлік дәрістер көрсетті. Жиында «Coca-Cola Белестері» конкурсының тұсаукесері болып, қатысу жайлы түсіндірілді. Жобаға қатысушылар, жеңімпаз болған жағдайда , жыл сайын он әйел селода өз бизнес жобасын жүзеге асыру үшін 4 мың АҚШ долларын алуға мүмкіндік

туады. Форум қорытындысы бойынша қала мен аудан әкімдіктеріне Сонымен қатар, қатысушыларға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамдары, өз ерекшеліктеріне сай кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жайлы кеңінен таныстырып, әйелдер қауымын кәсіпкерлікке шақырды. Мемлекетіміздің қолдауының арқасында кешегі ала дорба арқалаған аруларымыз, бүгінгі күні өздерінің арнайы кәсіптерін ашып, жетілуі үшін Ақмола облысында жақсы жағдайлар жасалып жатыр.

Дахан Шөкшир