Баянауыл аудандында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек қожазбаларының көрмесі өтті
Ойшыл ақынның кесенесі жанында жаңадан салынған қонақ үй мемориалдық кешенініндегі мұражайда Ұлттық ғылым академиясының қорларында сақтаулы тұрған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек қолжазбалары таныстырылды. Мұражайға келушілер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қаламынан шыққан 14 құжат таныстырылды.
— Қолжазбалармен бірге біз ақынның көзі тірісінде басылып шыққан ктаптарын да әкелдік, — Ұлттық ғылым академиясы орталық кітапхананың қызметкері Гүлшат Әбікова. – Бұл кітаптар баспаханадан өткен ғасырдың басында шыққан.
Мұражайдағы көрмеге ақынның ұрпақтары да қатысты. Олардың бәрі ғылым жолын қуып, ұлы бабаларының мұрасын зерттеумен айналысады.
— Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қолжазбаларын ескі арап әліпбиімен жазған, — дейдіақынның шөбересі, филология ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Нартай Жүсіпов. – Қазақстанда оның жазбаларын қазақ тіліне аудара алатын мамандар өте аз. Мен он жасымнан бастап араб әліпбиін үйреніп, атамыздың қолжазбаларын аударумен айналыстым.
Ақын, ойшыл, фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев Баянауыл ауданында 1958 жылы дүниеге келді. Ол 1870 жылдан бастап Бұхарадағы медреседе оқып, білім алды. Білім алғаннан соң, ол 1875 жылдан бастап ауылда ұстаз болып жұмыс істейді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мақалалары «Дала уәлаяты» газеті және «Айқап» журналында басылып тұрды. Араб және парсы тілін жақсы білгендіктен ол Шығыс поэзиясын терең зерттеді. 1887-1890 жылдар Самарқан, Бұхара, Ташкент, Түркістан қалаларында болып, Орта Азия халықтарының өмірі мен мәдениетімен жіті танысты. Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де айналысты. 1917 жылғы қазан революциясына дейін Қазан қаласында ақынның әлеуметтік теңсіздік, ағарту, сөз бостандығы «Тіршілікте көп жасағандықтан тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» атты кітаптары шықты.
Әлихан Рахметоллааұлы