Павлодар облысында суармалы егіншілікті қарқын алуда

Павлодар облысының әкімдігі өңірдегі суармалы алқапты игеруге көп көңіл бөліп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Павлодар облысы суармалы жерлерін 2018 жылға дейін дамыту шараларының жоспары» жасалып, жұмыс жүргізілуде. Міне, соның арқасында 2012 жылдан бастап 25,7 мың гектар суару жерлері айналымға енді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімовтің сөзінше, тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы аумақтар кеңеюде. Аталмыш технология облыстың 21 шаруашылығында қолданылады, 2012 жылдан бастап алқаптар 15 гектардан 336 гектарға дейін ұлғайды.

— «Галицкое» ЖШС, «Киров» ЖШС және «Абай» ЖШС жерасты суларын пайдалану арқылы 1 000 га. суармалы алқаптар пайдалануға берілді.Жаңа суармалы жерлерді игеру мемлекеттік қолдау мен инвестициялар нәтижесінде жүзеге асты. Облыста 2017-2021 жж. ауылшаруашылығы өндірістік кешендерін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2022 жж. арналған кешенді жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, 2022 жылы суармалы аумақтар 4,6 есеге өседі, — дейді ол.

Басқарма басшысының сөзінше, суармалы егіншілікті қалпына келтіру бойынша бірқатар міндеттер қойылып отыр. Бұл жерлерде тиімділігі жоғары дақылдарды өсіру ісі қолға алынады, оның ішінде картоп, қант қызылшасы және мал шаруашылығы арналған жем-шөп.

Суармалы жерлерді пайдалануға беру үшін инженерлі-коммуникациялы инфрақұрылым қажет. 2011 — 2016 жылдары «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін 6,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Электротарату желілері, қосалқы станциялар, сорғы станциялары, су өткізу жүйелері және аумағы 18,3 мың гектар суару алқаптарына жол салынды (2017 жылы олардың 11 мың гектар пайдалынылды).

2014 жылдан бастап инвестициялық субсидияландыру енгізілді. Аталмыш бағдарлама шаруашылықтар сатып алған жаңбырлатқыш машиналарды және тамшылатып суаруға арналған жабдықтарды 30% арзандатуға мүмкіндік береді.

Жалпы облыста 430 машина мен жаңбырлатып суаруға арналған жабдық пайдаланылады, оның ішінде 144 бірлік суарудың дисперстік технологиясымен Еуропа, АҚШ, Канада, Испаниядан әкелінген «Valley», «Reinke», «Pivot», Zimmatik», «Rainfain» «РКД» т.б. маркалы машиналары

 

Тілеуберді САХААБ, Павлодар.