Ата-аналарды марапаттады

Жақында Атырауда алғаш рет 8 мемлекеттік қызметшілердің ата — анасы ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті  атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Кәсіби біліктілігі мен іскерлігінің арқасында маңызды саяси реформаларды іске асыру мен тиімді басқару құрылымын жасақтауға сүбелі үлес қосып жүрген нағыз ұлтжанды ұл мен қыз тәрбиелегендеріңіз үшін алғыс білдіремін» деп сөзін бастаған Департамент төрағасының м.а. Руслан Тұңғышбаев мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді. «Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасы аясында өткізілген бұл шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру.

                                                                                                  Өз тілшіміз