Жамбыл облысында бюджет қаржысын үнемдеуге жол ашылды
Аймақта барлық салада құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспарлау Картасы» әзірленуде. Сол арқылы бюджет қаржысын 2 есе үнемдеуге жол ашылды. Нәтижесінде медициналық–фельдшерлік пунктердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 млн.теңгеден 30-45 млн.теңге дейін оңтайландырылды. Сол секілді спорттық сауықтыру кешенінің құны 227 млн.теңгеден 115 млн.теңгеге, ауылдық клубтың бағасы 200 млн.теңгеден 70 млн.теңгеге дейін төмендетілді.
Нақты мысал, жыл басынан жүргізілген оңтайландыру шараларынан соң Жуалы ауданында 80 орындық мектептің алғашқы құны 620 млн.теңгеден 290 млн.теңгеге дейін қысқартылып отыр. Қордай ауданында 150 орындық мектептің құны 962 млн.теңгеден 465 млн.теңгеге дейін төмендетілді.
Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушылар облыста қайтадан тіркелді.Нәтижесінде, жергілікті бюджетке жылда 150 млн.теңгеге қосымша түсімдер түсіп отыратын болады.
Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаxметов алты айдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есептік жиында баяндады.
В регионе во всех отраслях объектов строительства готовится «Карта стратегического планирования». За счет этого удастся сэкономить бюджет финансирования на 2 раза. В результате стоимость медицинско-фельдшерских пунктов и врачебно-амбулаторных пунктов снизилось от 65-90 млн. тенге до 30-45 млн. тенге. Так же стоимость спортивно-оздоровительного комплекса снизилось от 227 млн. тенге до 115 млн. тенге, стоимость сельского клуба от 200 млн. тенге до 70 млн. тенге.
Например, стоимость строительство школы на 80 учащихся в Жуалынском районе снизилось от 620 млн. тенге до 290 млн. тенге. Бюджет школы на 150 учащихся в Кордайском районе также сократилось от 962 млн. тенге до 465 млн. тенге.
В рамках расширения налоговой базы местного бюджета 14 землевладельцев ранее зарегистрированные в других регионах, заново зарегистрированы в Жамбылский область. В итоге в местный бюджет будут ежегодно поступать 150 млн. тенге.
Жамбыл облысы әкімдігі