Туризмге сұранып тұрған Көкшенің көрікті өлкесі- Зеренді.
Көкше өңірі тұңған тарих, тылсым табиғат, орманды алқап, әсем көрініс, таза ауа, айдын көл айта берсе жалғаса береді. Көкшедегі сондай өңірдің бірі –Зеренді аймағы. Зеренді Ақмола облысының әкімшілік бөлігі аудан . Астана Ақмола облысына , оның орталығы Көкшетау. Ол Зеренді ауданы аумағына қарайды. Яғни, Зерендінің әсем өлкесі Елорданы, Көкшені көркімен көмкеріп тұрдесек, қателеспейсіз. Зеренді ауданы Көкшетаудан 6о, Астанадан тура барса 300 шақырым айналасында. Бүгінгі күні Щучье қаласынан Зерендігі тура асфальт жол жаңадан салынып жатыр. Жол қатынасы жақсарғалы тұр.
Көз тартқан, айдын көлдері мен сыңғырлаған таза мөлдір бұлақтары, қалың қарағай, қайың араласқан орманды алқабы, терек пен тал өскен ойпаңы, шөбі шүйгін, егіні жайқалған кең жазығы аралас, ұзыны 60 , көлденеңі 25-30 шақырым Зеренді алқабы Көкшетау ұлттық табиғи паркінің негізгі аумағы саналады. Осынау көркем табиғатта, шоқ қарағайлар өскен, жасыл алқап ортасында үлкенді кішілі төбелер аралас Зеренді тауы бар. Биік сүйір шоқы, текше текше сандық тастар аралас орманды алқаппен көмкерілген Зеренді тауының етегінде тенгедей жарқырап Зеренді көлі қараған адамға ерекше әсер беріп, көңілді сергітіп, қуаныш сезімге бөлейді.
Көкше жеріндегі аңызға айналған 80 көлдің бір қаншасы осы төңіректе. Батысы таулы орман, шығысы кең жазық дала Зеренді, жағалауын түп-түгел қарағай қоршаған Қарағайлы, кең жазықта шалқып жатқан Айдабол, Шымылдықты тауының етегіндегі Шымылдықты, суы да, балшығы да жаңға шипа Жамантұз сортаң көл, батысында суы тұщы Қараүңгір, балығы шоршыған Құмдыкөл сияқты көлдер бар. Жасыл орман, алқапты кернеген жасыл шалғын, гүл бәйшешектің хош исі араласқан, құрамында озоны бар сап ауа жанға шипа, дертке дауа. Келгендермен, келемдеушілер осы жанға сая, дертке дауа, бойға қуат беретін таза табиғата серуендесе, құр аттай жұлқынарына кепілдік бар. Зерендінің орманын, тау тасын аралаймын дегенге маршурт жасалған, жүретін, жүгіретін жасанды және табиғи
сүрлеулер көп. Мұнда ат мініп серуендеу, велосипед аралау, қыста шаңғы тебу жайы соңғы кезде жақсы жолға қойылуда. Көлдері балықпен , құсқа, даласы аңға бай. Оларды аулау, белгілі уақыттарда беріледі. Жазда жайраңдап, жеміс-жидек теріп, серуен құрғыңыз келсе оғанда зор мүмкіндік бар.
Зеренді көлі
Зеренді атауы не мағна береді.
Аймақты тамашалауға, демалуға келушілер Зеренді аутауы қалай шықты. Атаудың мәнін, өлкенің тарихын қызықтары сөзсіз. Таудың да, көлдің де Зеренді аталуы неліктен, деген сұрақ туындайды. Зеренді жайлы тарихта: — «Маңғолия даласында сол заманда жайылып жүрген Зерен (орысшасы «Дзерен») деп аталатын түздің айыр тұяқты тағысы бip кездерде Зеренді төңіре гінде де болуы әбден мүмкін»- деген, жазбалар кезігеді. Олай болса, батыл болжам жасап, осы сөзді талдап көрейік. Мұндағы түздің айыр тұяқты тағысы деп, жирен, қарақұйрық, ақбөкенді айтып отыр. Монғолдар, яғни қалмақтар, ол аңды « Зээр» «Хар сүүлт» / Қара құйрық. Яғни, құйрығы ақ болған соң/ деп, атайды. Қазақ даласын біркездері қалмақтар мекендегені тарихтан белгілі. Қалмақтар Монғол тектеске жатады, тілі ұқсас. Аласапыран заманда осы өлкені қалмақтар азба, көппе мекендеген. Тұрақтап
тұра алмағыны белгілі, Зеренді сөзі бұрмаланған монғолдың «Зээртэй», «Зээртэй нутаг» деген сөзі. Жоғарыда айттық. «Зээр» -деген сөз, жирен, қарақұйрық деген аң атауы. Онда Зеренді, яғни қазақша жиренді деген, атау шығады Сөздің толық мағнасын жиренді, жирен мекен еткен жер, деп түсінген жөн. «Түкті», «Түлкілі» дегендей. Бұндай атау Зеренді жерінде кезігеді. . Ал, монғол тіліндегі «Зээртэй нутаг» , қазақша «Жиренді мекен» қысқарып Зеренді аталып кетті деуге негіз бар. Жирен, қарақұйрық , ақбөкендер бір тұқымдас жануарлар. Қазақтың сайын даласында жирендер жортып, қарақұйрық үйір, үйірімен жөңкілген заман болған шығар. Ел ауып, мұжықтар көбейгенде, түз тағысыда безіп, әрісі бетпақдала, берісі оңтүстікке шалғай, кең далаға ауғаны тарих қойнауында сақтаулы ғой. Аласапыран заманда ел ауды, елмен бірге аң құс, мал ауды емеспе. Жезкиік қайдан келдің деп, Сәкен жырламаста еді. Зерттесе Зеренді тарихы талайды паш етері хақ. Қалмақтардың «Зээртэй», «Зээртэй нутаг» / «Жирені бар өлке», «Жирен мекен еткен жер», «Жирен су ішкен көл» / атауы бұрмаланып , кең алқап, ондағы тау мен көлде Зеренді аталады. Сөз түйініне тоқталсақ қазақша «Жиренді» , монғолша «Зээртэй» , Зеренді болып тарихта қалыптасады.
Турист тартып, курорты аймақ болуға талпыныс.
Зеренді демалыс аймағы, табиғаты әсем, жері көрікті. Жоғарыда санамалған әсем табиғат, туризм индустриясын дамытуға және санаторийлер мен курорттар, демалыс және сауықтыру орындары, шаңғы базаларын, табиғи ұлттық парк құруға өте қолайлы дегенді, аңғарамыз. Зеренді демалыс аумағында «Қарағайлы», «Зерен Плюс», «Сұңқар», «Құлпынай мүйісі», М. Ғабдуллин атындағы және Еуразия университетітінің спорттық сауықтыру лагерьлері, «Аққайың шипажайы», «Жасыл мүйіс», «Ұшқын», «Шығыс», тағы басқа демалыс базалары жұмыстап тұр. Демалушыларға «Керемет», «Нұр ауыл» кафесі, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «Қалқаман» қонақ үйі, тағы басқаорындар қызмет көрсетеді. Уақытты тиімді өткізуге арналған шаңғы трассасы және стадион бар. Эколагиялық туристік маршруттар жасақталып, маршрут бойымен Барлаутөбе, Шиелі, Беріктас, Жазықтөбе, Бөрік, Қалқантас,
Ақшабұлт, Құс базары, Аюлы, Қоянды,Сұлутөбе, Әулиешың, Қойтас, Жекетау, Жайынауыз сияқты табиғи орындарды аралауға болады. Салт атпен де, жаяу жүріп те тауды аралауға, ну орманды кезуге мүмкіндік бар. Әуесқой балықшыларға кайық та, балық аулайтын жабдықтар дайын. Қәзір Зерендіде аталған қызметті орындайтын 40 жуық туристік ұйымдар бар. Ол сан заман талабына сай өсері хақ. Зеренді көлін тазалап,аумағын абаттандыру жаппай жүріліп жатыр. Бұл іске аудан кәсіпкерлері өте қарқынды кірісуде. Себебі, туризм саласы, осындай курортқа сұранған аймақта үлкен қажеттілік тундатары сөзсіз. Жергілікті билік кәсіпкерлерден ұсыныс, жобалар қабылдап, тиімдісін қолдауға кірісті. «Зеренді-Щучинск» бағытындағы жол құрылысы 2019 жылы аяқталады. Туристердің ағылуына бұл үлкен мүмкіндік. Өткен жылы 90 мыңға жуық, биыл 120 мыңдай дем алушы болады деген, болжам бар. Бұл дәтке қуат сан. Ал, осындай мүмкіндігі зор аймаққа , турист тарту үшін, шет елдердің, еліміздің басқа өңірлеріндегі дем алыс орындарының жетістікке жеткен озық тәжірибелерін пайдаланып, Зеренді аймағын өркендету бүгінгі күнің бұлжымас талабы. Бағаның қол жетімділігіне сай демалушылар, жеке үйлерді жалдауда етек алған. Осы, жеке үй, тұрақ жалдаушылардыда жетілдіру тетіктерін қарастырған жөн.
Осы жазда Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин Зеренді ауданында болып, аймақтың тыныс тіршілігі және туризмді дамытудың мүмкіндіктері, жетілдірудің жолдарын талқылап жиын жасағанын баспасөзден білеміз.
М.Мырзалин әкімнің туризмді өркендету жайында біршама тер төгіп жүргенін айта кеткен жөн. Әкім сапарында туризмдге арналған біршама нысандарды аралапты. Нақтыласақ, «Зеренді Парк» қонақ үй кешені, Зеренді көлінің жағасында жаңадан салынған «Тамилла» демалыс базасы, «Зерен» кешеніндегі коттедж қалашығын кеңейту жұмыстары және демалушылар үшін 5 гектар аумаққа саябақ, квадро және картодром салу жоспарымен танысып, алдағы жұмысты нақтылап, аудан жұртымен кездесу жасаған екен.
— Өткен жылы Зеренді ауданында барлығы 82 инвестициялық жоба жүзеге асып, 230 жаңа жұмыс орыны ашылыпты. Биылда өңірді өркендету жоспарында туризм саласын өркендетуге нақты ұсыныстар еніпті. Өткен жылы туристік нысандарда 100 мыңға жуық адам дем алып, 46,2 миллион теңге пайда түскен. Бұл көрсеткіш алдындағы жылдардан 18,4 пайыз жоғары екен. Жаңадан салынып жатқан «Щучинск-Зеренді» автожолы шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік береді, деген үміт мол. Кездесуде Зерендіні курорты аймақ болдыру жайлы жоспар, ұсыныстармен танысқан әкім М.Мырзалин: — Инфрақұрылымды дамыту, қызмет аясын кеңейту, аттракциондары бар саябақ пен спорттың техникалық кешенін және жыл бойы қызмет көрсететін «Ыстық бұлақ» ашық аспан астындағы бассейнін салу сиқты жобаларды қолға алуды кәсіпкерлерге міндеттепті.
Туризмді өркендетудің түрі көп.
Зерендінің географиялық ерекшелігі мен табиғи ландшафтының сан алуандығы туризмнің бірнеше түрін дамытуға қолайлы. Соның біріне ғана тоқталайын. Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде Новосібірден Монғолияның шекарасы Қошағашқа дейін «Шүй алқабы» жалғасады. Екі арадағы автомагистралды «Чуйский тракт» дейді. Табиғаты тамылжып тұр. Оның 600 шақырымы тау, шатқал. Осы алқапта 2000 жылдары бірнеше қала, деревняға бар еді. Осы алқаппен Монғолияға бару үшін жолай өттік, барлық жерлерде жазғы дем алыс орындары, қаптаған дем алушылар. Ауылдары үлкейген, өзен жағасының бәрінде жеке меншік демалыс орындары. Ресей осы табиғаты тамылжыған өлкеге келіп, жер алып кәсіпкерлікті, туризмді дамытамыз дегенге, жер берген. Сұранысқа сай келушілер жер алып, осы кең алқапты елдіңде, жекеніңде пайдасына асып жатыр екен. Баса айтсақ, жерді жергілікті тұрғындарға бірінші кезекте берген. Мақсатқа сай игермесе алады, келесіге береді. Заң солай.
Шүй алқабындағы жеке тұлғалардың демалыс орындары.
Ауыл арасында жекеменшік дем алыс үйлері көп салынған.
Біздеде, осылай табиғаты туризмге сұранған өлкелерді жеке меншік арқылы жоспарлы түрде игеруге неге бермейміз. Жек адамдар үйлер салсын, кигіз үйін, шатырын тіксін игерсін. Жеке адам пайда тапсын, мемлекет салығын алсын. Неге кедергі….
Дахан Шөкшир