Әйелім

Мен үшін жаны қалмайтын,
Көңілімді аулайтын,
Мұң тұна қалса қабағым,
Күлкімен елтіп баурайтын,
Әйелің болған жақсы екен.

Үзілсе үміт жалғайтын,
Қиялым көкке самғайтын,
Мен риза болмай бір жерге,
Рұқсатсыз бармайтын,
Әйелің болған жақсы екен.

Сіз деп сөйлеп сыйлайтын,
Сәл ұзасам қимайтын,
Шашылып жатса киімің,
Көрсе дереу жыйнайтын,
Әйлеің болған жақсы екен.

Наздана қалса сүйкімді,
Әр сөзі әсем күй сынды,
Ұрлана қарап білдірген,
Бақытты менің кейпімді,
Әйелің болған жақсы екен.

«Бақытты етіп тосыннан,
Жар болып маған қосылған.»
«Бұл не деген ғажап күй?»
«Лайықпын ба осыған?»
— деп кейде ойлап отырам.

Мейірім тұнған көзіңе,
Шырайлы әр бір сөзіңе,
Ата-анаңа өсірген,
Және рақмет өзіңе.
Ризамын осы кезіме.

М.Сұлтан