ХАЛҚЫМ ДЕГЕН АЗАМАТТАР НЕГЕ ҮНСІЗ?
{суреттегі бастықтар бізді қинадау}
Қылмыстың өсуі ең бірінші әлуметтік жағдайдың төмендігінен, Алматы қаласында 49 пайыз xалық ең төменгі кедейшілікте өмір сүреді екен. Себеп соңғы үш жылда доллар тоқтамай өсуде. Үкімет түк істей алмай отыр. Доллар бағамының өсіп жатқандығы елдегі барлық заттар мен қызметтердің қымбатшылығына әкелетіні сөзсіз. Жалпы бейқам өмір сүрудің өзі біз үшін қымбатқа түсейін деп тұр. Бүгінде доллар бағамы 320 теңгеден 361 теңгеге өсті. Түсінгенімше, бұл үрдіс әлі де тоқтамайтын сияқты. Өз кезегінде барлық тауарлар бірден қымбаттайды. Жанармай, нан, май, киім-кешек — бәрінің бағасы екі есеге шарықтайын деп тұр. Ал, осы тұста xалықтың жалақысы өсті ме? Мемлекеттен жеңілдіктер берілді ме? Жоқ!
Құрметті достар, үн-түнсіз отырмаңыздар, белсенділік көрсетіңіздер! Біздің әрқайсысымыз — осы мемлекеттің азаматымыз, оның бір бөлшегіміз, демек елдегі қалыптасқан жағдайларға өз ойымызды білдіруге де, оны түзетуге де толық құқылымыз! Мына келе жатқан қиыншылық бірімізді қалдырмай бәрімізге әсер етіп, әлі-ақ кесірін тигізеді. Не үшін Қазақстанда доллар бағамы өсуі қажет? Бұл жағдайдың орын алуына ешқандай сыртқы экономикалық көрсеткіштер әсер етіп тұрған жоқ. Себебі, мемлекеттік бюджеттің 70 пайызын құрайтын мұнайды, газды, жерасты қазбаларын өзге елдерге долларға сатып жатырмыз. Не үшін ел белсенділері осы мәселе бойынша ләм-мим демей, мүлдем үндемей жатыр?
Еуразиялық одаққа кіріп алып, басымызды бәлеге қалдырдық. Ойланбай жасалған іс әрқашан да жамандыққа әкеледі. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес», — деген де жақсы сөз бар емес пе? Осы шешімнің артынан қазіргі болып жатқан кері тұстары да ілесе келетінін алдын-ала болжау қиын емес еді. Халық енді ғана кәсіпкерлікке бет бұрып, өз істерін дөңгелете бастаған кезде теңге құнсызданып жатыр. Бұл — елде қалыптасқан, көз жұма қарауға болмайтын өте қиын жағдай. Халық болып бірігіп, осыған төтеп берейік, ағайын! Бүгін үнсіз қалсақ, ертең кеш болады!