НАМАЗДЫ БҰЗЫП, ЖАЙНАМАЗДЫ ТЕПКЕН БАПКЕР КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Тараздағы «Атлетик» спорт кешенінде Алмат Баетов есімді бапкер намаз оқып жатқан баланың жайнамазын теуіп, әдепсіз түрде намазын бұзуға тырысқан еді. Бүгін бапкер ел алдында кешіріп сұрап, қандай айыпты да арқалауға дайын екенін айтты. Video Player 00:0000:55 «Күні кеше ғана интернет желісінде тараған бейнеролиіктегі теріс қылығымды, діни сауаттылығымның аздығын көрсетіп қойдым. Ашу-ызаға берілемін деп, теріс әрекетке бой алдырып алдым. Сол себепті мұсылман жамағатынан, балалардың ата-аналарынан шын жүрегімнен кешірім сұраймын. Кешіріңіздер мені. Өте өкінішті. Ол өкініш өзекті өртеп бара жатыр. Тағы да кешірулеріңізді өтінемін. Жасаған іс-әрекетіме мойныммен жауап беріп, барлық жазаға дайынмын» деді бапкер. Айта кетейік, Тараздағы «Атлетик» спорт кешенінде мұғалім намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, бөлмеден қуып шыққаны жайлы видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.  Алмат Баетов – жоғары санаттағы жаттықтырушы. Отыз жылдан бері жастарды спортқа баулып келеді.