Баянауылда медицина бойынша ашық есік күні өтті

Жақында Баянауыл аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалында «Бірыңғай республикалық медиация күні» акциясы аясындағы ақпараттық іс-шара – ашық есік күні өтті. Жиын барысында тұрғындарға денсаулық саласы бойынша тегін көмек көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының төрағалық етуімен өткен іс шара Баянауыл ауылдық ардагерлер кеңеснің төрағасының, «Нұр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымының және  Аудандық «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы, Аудандық сот,  Жергілікті полиция қызметі, Аудандық емхана, Баянауыл аудандық әділет басқармасы, Білім бөлімі, «Баянтау» газеті редакциясының, «Имандылық» орталығы, «Жастар» орталығының қызметкерлерінің және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүзеге асты. Шара барысында медиация ұғымы,  медиацияны ұйымдастыру саласындағы ҚР «Медиация туралы» Заңы, медиацияның қолданылу аясы тақырыбында тұрғындарға ақпарат беріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік маңызды мәселелерді реттеуде  тұрақтылық пен бітімгерлік кепілі болып табылатын медиация түсінігі отбасылық дауларда, еңбек дауларында, корпоративтік дауларда, коммерциялық дауларда,  мектептегі шиеленістерде, жәбiрленушi мен құқық бұзушы арасындағы қылмыстық дауда, мәдениетаралық және дінаралық дауларда және басқа да салаларда адамдармен қарым-қатынасын сақтай отырып, жанжалдар мен дауларды шешуге көмектеседі. Қазақ қоғамындағы медиацияның прототипі би билігі болып табылатынын еліміздегі  медиация институтын дамыту азаматтар үшін де мен мемлекет үшін де өте маңызы жоғары.

Өз тілшімізден.