Елордалық ХҚКО-да 180 сертификат табыс етілді

Жыл басынан бастап «Азаматтарға арналған үкіметтің» Астаналық филиалы 180 астаналық тұрғынға цифрлық сауаттылық курстарынан өткендері туралы сертификаттарды табыс етті.

Оқыту халыққа қызмет көрсету орталығының алаңында өткізіледі. ХҚКО мамандары әзірленген бағдарлама бойынша азаматтарды ЭСҚ-ға өтініш беруді, электрондық үкімет порталын пайдалануға, өз бетінше анықтамалар мен қызметтерді алуға үйретеді.

Сонымен бірге оқытудан өтушілерді проактивті форматта мемлекеттік қызметтерді ала алатындай, азаматтардың мобильдік базасында тіркейді. Бұған қоса, ұялы телефон нөмірлерін тіркеу SMS-құпиясөз немесе telegram-бот арқылы белгілі бір ақпараттық анықтамаларды алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, SMS-растаудың көмегімен азамат үшінші тұлғаларға өзінің деректерін ұсыну бойынша «Анықтамасыз көрсетілетін қызмет» сервисін пайдалана алады.